Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

 

2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

 

3. Жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес ақпарат берсін.

 

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.

 

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

Об утверждении Государственной программы развития образования и науки Республики Казахстан на 2020 – 2025 годы
Дата публикации
16 января 2020