«STIPENDIUM HUNGARICUM» СТИПЕНДИЯСЫНА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2021 жылғы 17 наурызда үкіметаралық келісімдер шеңберінде оқу үшін үміткерлерді іріктеу бойынша қорытынды комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында Қазақстан тарапы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша Мажарстанда оқуға 250 адамды ұсынды, 103 адам резервтік тізімге енгізілді.

Осы бағдарлама шеңберінде 2021-2022 оқу жылына Мажарстан Үкіметі Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант бөлді: бакалавриат – 110 орын, магистратура – 90 орын, бакалавриат және магистратура (5 жылдан 6 жылға дейінгі оқу мерзімімен) – 30 орын, докторантура – 20 орын.

Конкурстың ашықтығын арттыру мақсатында 2021 жылдан бастап үмкіткерлерді іріктеу жүйесі өзгертілді. Тәуелсіз сараптамалық комиссияның құрамы 5 адамға дейін ұлғайтылды. Дербес әңгімелесу онлайн режимде өткізіліп, аудио-бейне жазбаға түсірілді.

Әңгімелесу регламент бойынша қатаң түрде өткізілді әрі әрбір үміткерге міндетті үш сұрақ қойылды: – мамандық таңдаудағы мотивация және хабардарлық деңгейі; – оқудағы немесе таңдаған кәсіп саласындағы теориялық білімі мен жетістіктерінің деңгейі; – пайымдау логикасының деңгейі, сөз саптау сапасы, жағдаяттық мәселелерді шешудегі жеке қасиеттері мен дағдылары.

Конкурстық комиссия үш өлшем шартты (шет тілін білу деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа бағасы) бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа балы бар үміткерлерді негізгі және резервті тізімге енгізді.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы тарап қабылдайды.

Егер сізде іріктеу процесіне және жинаған балыңызға қатысты сұрақтарыңыз болса, мына электрондық поштаға жазуыңызға болады: info@bolashak.gov.kz 

Үміткерлердің тізімі: https://clck.ru/TnyoT 

Дата публикации
19 марта 2021