2020 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мынадай оң нәтижелер алынды:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік бастамаларды табысты іске асыру 2020 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 98,7% қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Мемлекеттік балабақшалардың 100% бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.
Мектепке дейінгі дайындықты күшейту және баланың жан-жақты дамуы бойынша жұмыс жүргізілді.
Дамуында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көп көңіл бөлінеді.
БҒДМБ іске асыру орта білім беру сапасын арттыруда оң ілгерілеуге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
Қаржыландыру облыс деңгейіне көтеріледі. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтығын төмендетуге, жеткілікті деңгейде қаржыландыруға бағытталады.
Сондай-ақ педагогтарды жұмысқа конкурстық қабылдау институты. Өткен жылы біз мектеп директорлары мен олардың орынбасарларын аттестаттауды енгіздік. Қазіргі уақытта бұл рәсім өзгерістерге ұшырайды. Жалпы, бұл бастамалардың барлығы білім беру ұйымдарындағы басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Орта білім беру ұйымдарында оқу кабинеттері заманауи жабдықтармен жарақтандырылған.
Мектептен тыс ұйымдарда және жалпы білім беретін мектептерде спорттық секциялармен қамтылған 1 387 296 бала.
Балалардың құқықтарын қорғау саласында баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешені іске асырылуда.
Техникалық және кәсіптік білім беруде БҒДМБ іске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
535 колледжде дуальді оқыту енгізілді (2019 жылы – 518).
Мемлекеттік колледждер ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар Студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасады.
"Жас маман" жобасы өткен жылы іске асырыла бастады, барлығы 80 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Ағымдағы жылы бұл бағдарлама аяқталатын болады.
Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген педагогикалық мамандықтар бойынша енгізілген білім беру бағдарламаларының үлесі 87% - ды құрады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде БҒДМБ шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмысқа орналастыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген педагогикалық мамандықтар бойынша енгізілген білім беру бағдарламаларының үлесі 87% - ды құрады.
Ғылым саласында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді.
ЖІӨ-ден білім мен ғылымға арналған шығыстардың үлесі 4,88%, (2019 - 3,8%).
2020 жылы қорғау құжаттары мен авторлық куәліктердің саны – 3 453 бірлікті (+253) құрайды.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама мониторингінің қорытындысы бойынша мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері әзірленді (ҚР БҒМ 22.06.2020 ж. №254 бұйрығы);
- мектепке дейінгі білім беру педагогтерін аттестаттау енгізілді, балабақшалардың директорларын тағайындау тәртібі өзгертілді;
- "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік және жоғары білімі бар педагогтер арасында оң динамика байқалады.