«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050013, Алматы қаласы, Сәтпаев көш., 22 орналасқан «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректордың бос лауазымдық орнына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметін көрсету болып табылады.
Қызметтің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру конкурсына қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшылық қызметтерде кемінде 5 жыл еңбек өтілі.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
Конкурсқа қатысуға кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне ұсыну қажет (каб. 643), телефон: 8 (7172) 74-27-25, 74-25-22.