Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) әзірледі.
Жоба Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдары тізілімінің «Б корпусы» бөлімінің D санаттары тобында тиісті кіші санат құру және ротация институтын жетілдіру мақсатында әзірленді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 291-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге көшіру көзделген.
Сондай-ақ қолдану практикасын ескере отырып, ротация институтын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдарына өзгерістер енгізіледі.
Атап айтқанда, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3-1-тармағына (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы аудандарда, астанада орналасқан, тиісті білім басқармалары және олардың есеп беретін және бақылауындағы білім бөлімдері арқылы білім беру саласында өздеріне жүктелген функцияларды іске асырады.
Облыстық атқарушы органдардың құрылымы аудандарда және облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан, оларға есеп беретін және бақылайтын білім бөлімдерімен толықтырылатындығын ескере отырып, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдары тізілімінің «Б корпусы» бөлімінің D санаттары тобында тиісті кіші санат құру талап етіледі.
Ротация институтын жандандыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан формализм көрінісін болдырмау үшін мемлекеттік қызметшіні ротация жүзеге асырылған алдыңғы лауазымға қайта тағайындауды шектейтін норманы көздеу ұсынылады. Бұдан басқа, ротациялауға жататын қызметшілер үшін лауазымда болудың барынша жол берілетін мерзімі белгіленеді.
Нормаларға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функциялары аудандық деңгейден облыстық деңгейге көшіріледі.
Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.