Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеуді өткізу туралы хабарлайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) Бірлестік мүшелерінің тізімі.
Аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін, егер:
1) Ұсынылған құжаттар Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
2) бірлестік өз мүшелерінің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаса;
3) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер болған жағдайларда тоқтатылады.
Аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.
Мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдауды Министрліктің Заң департаменті 2021 жылғы 2-15 наурыз аралығында (жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін) мына мекенжай бойынша жүзеге асырады: Нұр-сұлтан Қ., Мәңгілік Ел 8, 11 кіреберіс, 817 кабинет, анықтама телефоны: 74-24-18, 74-23-63, 87007005090.