Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есебі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын

іске асыру туралы есебі

 (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №675 бұйрығымен бекітілген)

 

Есептік кезең: 2018 жыл

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

  1. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару  

 

Мүмкін болатын тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс-жүзінде орындалуы

Ескертпе (орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)

1

2

3

4

Стратегиялық бағыт 1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту

1.1-мақсат.  Балаларды  ерте дамыту  және мектепке дайындау үшін сапалы мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытуға тең  қол жеткізуді қамтамасыз ету

Миграциялық процесстер және демографиялық жағдай

Мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік-жекешелік серіктестікті белсенді дамыту

Республикада 10 314 мектепке дейінгі ұйым қызме етеді, оның 2870-і мемлекеттік балабақша және 3695-і шағын орталық, 3289-ы жекеменшік балабақша және 460-ы шағын орталық.

2018 жылы 62,4 мың орынға 788 балабақша ашылды:

- 2,8 мың орынға 13 балабақша ашылуы есебінен;

- жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы есебінен – 47,4 мың орынға 718 мектепке дейінгі ұйым (537 балабақша және 181 шағын орталық);

- тұрғын үйлердің 1-ші қабаттарында ашылуы есебінен – 350 орынға 1 балабақша;

- МЖӘ есебінен – 2,6 мың орынға 20 балабақша;

- басқа тәсілдер есебінен (бұрын жекешелендірген балабақшаларды қайтару, жалға берілген коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, балабақша ашуға жарайтын ғимараттар мен жайларды беру, мектептер мен балабақшалар ішінен шағын орталықтар ашу арқылы) – 9,2 мың орынға 36 мектепке дейінгі ұйым.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басым көпшілігі Түркістан (110 бірлік), Алматы (92 бірлік) облыстарында және Алматы (204 бірлік), Астана (47 бірлік) және Шымкент (57 бірлік) қалаларында ашылған.

1-6 жастағы балаларды қамту 77,1% (2017 ж. – 66,1%), оның ішінде 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 95,2% (2017 ж. – 90,5%). 3-6 жастағы балаларды қамтудың өсу динамикасы 4,8%.

Орындалды

2 Стратегиялық бағыт. Орта білім беру және  балалардың құқықтарын қорғау

2.1-мақсат. Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Бала өмірінің сапасын жақсарту үшін құқықтық  және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.

Демографиялық өсім және миграциялық процестер үш ауысымды мектептер санының және оқушы орнының тапшылығына әкеледі

РБ және ҰҚ есебінен мектеп және кеңейтілген құрылыстар

2018 жылы РБ есебінен 56,2 млрд. теңгеге 109 мектеп салынды, оның 74 нысаны іс жүзінде қолданысқа берілді, оның ішінде 34 мектеп үш ауысымдық мектептерді жою үшін, 7 мектеп апаттық мектептердің орнына, 30 мектеп орын тапшылығын азайту үшін.

Орындалды

PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулерді жүргізуге ықпал ететін техникалық (бағдарламаның қателіктер беруі) жағдайлар

Сапалы компьютерлер мен USB  жинақтаулармен оқушыларды қамтамасыз ету

PISA SDS (PISA Student Delivery System) тестілеу жүйесімен жұмыс істеу барысында мүмкін болатын техникалық ақауларды жою мақсатында Білім басқармалары қызметкерлері қатарынан құралған облыстық үйлестірушілерге компьютерлердің/ноутбуктердің үйлесімділігін тексеретін бағдарлама жолданды. Бағдарлама компьютерді/ноутбукты тестілеу жүйесін бастау үшін сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді және қолданыстағы құрылғылардың әлсіз тұстарын анықтайды. Тестілеу жүйесінің техникалық талаптарына сәйкес тексеру бағдарламасы 7 маңызды жүйелік индикаторларды тексереді:

-           Операциялық жүйе;

-           Орталық процессордың жылдамдығы (МГц);

-           Компьютерге орнатылған жедел жадыны (Мб);

-           Қолжетімді жедел жадыны;

-           Экранның ағымдағы рұқсаттамасын (ені, биіктігі);

-           Компьютерде Skyp қосылуын;

-           USB-деректерді беру жылдамдығын MB/s.

Компьютерде/ноутбукта ақаулар анықталған жағдайда білім беру ұйымынан сайланған техникалық маман (информатик, жабдық бойынша инженер) табылған қателікті жойды немесе істен шыққан компьютерді ауыстырды.

Тестілеуден бір күн бұрын Ұлттық үйлестірушілер өкілдері білім беру ұйымдарына PISA SDS бағдарламасын орнатып, компьютерлер қайта тексеруден өткізді.

Орындалды

Интернаттық мекемелерге ата-аналарынан қамқорсыз қалған балалар мен жетім балалардың қайта түсуі

PR-компаниялар өткізу,   интернаттық ұйымдарды отбасын қолдау орталығына қайта құру, балалы отбасын сүйемелдеу қызметін құру, отбасына баланы қабылдаушы әлеуетті  ата-аналарды дайындау

Мынадай жұмыстар атқарылды:

- Ақмола облысында жабылған балалар үйі мәселесі бойынша «Время» газетіне интервью;

- Қазақстанда балалар үйінің азаюуы және жетім балаларды, әлеуметтік жетім балаларды асырап алуды насихаттау туралы «Хабар «Агенттігі»  АҚ-ның «Жеті күн» бағдарламасы үшін интервью;

- КТК телеканалына асырап алу мәселелері бойынша интервью;

- халықаралық асырап алу, патронат және жетім-балалар мәселесі бойынша «Хабар 24» телеканалына интервью;

- «Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыстар жүргізу технологиясы» тақырыбындағы семинар;

- Республикалық жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың директорлар кеңесінің отырысы;

- «Отбасы бала әл-ауқатының факторы ретінде» республикалық конференциясы;

- Астана қаласындағы НОУ балалар ауылындағы алғыс айту күніне арналған шаралар;

- «Халықаралық балалар қорының ассоциациясы» қоғамдық қорлар бірлестіктерінің шақыруымен және ҚР ПӘ-нің қолдауымен әлеуметтік қорғаусыз қалған санаттағы балалар тобы Мәскеу қаласына барды;

- Балалар құқықтарын қорғау комитеті мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес мекемесі арасында өзара түсінушілік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстандық дәрігерлер балалар үйлері бойныша турнеге жол тартты. Бес мың бала елдегі үздік стоматолог, офтальмолог және психолог мамандардан медициналық тексеруден өтеді.  

- асырап алу бойынша шетелдік агенттіктердің («SOS Bambino International Adaption Onlus» асырап алу бойынша агенттігі, Италия) аккредиттеу алуға өткізген құжаттарын қарастыру бойынша жұмыс тобының отырысы;

- «жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды анықтау, бірыңғай электронды базаны уақытылы қалыптастыру»;

- «Қамқор әке – бақытты балалық» атты III республикалық әкелер форумы;

- «Хабар24.kz» телеканалында Рахым Ошақпаевпен «Қазақстандағы балалық шақты қорғау» тақырыбындағы дөңгелек стол;

- «Еуразия бірінші каналының» «Пендеміз ғой» ток-шоуында «Әкеден көрген қорлық күн» тақырыбы;

2018 жылы республиканың – өңірінде (Ақмола-1, Ақтөбе-1, СҚО-2, Қостанай-4, Қарағанды-1, Алматы қ.-1,БҚО-1, Жамбыл облысы-1) балалар үйлерін, жетімханаларды қайта құру нәтижесінде өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау бойынша 12 орталық құрылды.

Орындалды

Балаға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарау фактілерін жасыру

Бала құқығын қорғау саласында қызмет ететін әлеуметтік педагогтар мен психологтарды даярлау және қайта даярлау

Ұлттық білім беру деректер қорының ақпаратына сәйкес 7014 жалпы білім беру мектепте 7207 педагог-психолог жұмыс істейді, аталған мамандармен қамтылу 97 % құрайды. Қосымша қажеттілік СҚО-да (28 адам), Қарағанды облысында (27 адам), ШҚО (25 адам), Ақмола облысында (19 адам) және Астана қаласында (19 адам).

Білім беру ұйымдарында қызмет ететін психологтардың басым көпшілігінің жұмыс өтілі аз, психологтардың кадрлық құрамы жыл сайын жаңартылуда. Осылайша, педагого-психологтар арасында 6,7% (483 адам) жоғары санаты бар, 33,4% (2408 адам) – бірінші, 32,6% (2350 адам) – екінші, 27,2% (2968 адам) – санаты жоқ.

Мектептегі психологиялық қызметті жақсарту мақсатында педагог-психологтарды аттестаттаудың жаңа жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілді, ол Ұлттық біліктілік тесті (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 316 бұйрығы) арқылы педагог-психологтарды сапалы іріктеуге мүмкіндік береді. Бүгінде аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша мектептердің 1300 психологы біліктілік тестілеуден өтті.

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығында 2012 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және өз қаражаты есебінен 7 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 2018 жылы республикалық бюджет есебінен – 700 психолог, өз қаражаты есебінен – 623 психолог.

Орындалды

3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру

3.1-мақсат. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды  қамтамасыз ету

Жастар арасында жұмысшы мамандығы беделінің төмендігі

Жұмысшы мамандығының беделін көтеру және танымал ету. Жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу

Өңірлерде ТжКБ мамандықтарын дәріптеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өңірлік Білім басқармалары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017-2018 оқу жылында жүйелі жұмыстар ұйымдастырды: жастар акциялары, конкурстар, дөңгелек столдар, көрмелер, оқу орындары мен өндіріс орындарына экскурсиялар, кәсіптік шеберлік конкурстары. «Ашық есік» күндері, әлеуметтік әріптестерді шақыра отырып, мектеп түлектерімен және олардың ата-аналарымен кездесу,  «Worldskills International», «Skills for geeks», «IT-білім беру - болашаққа қадам» және басқа да өңірлік чемпионаттар.

Мектептер мне колледждерде кәсіби кабинеттер қызмет етеді, оларда оқушылардың мамандық таңдаудағы ықыластарын анықтау мақсатында мектептің 9, 11 сыныптары түлектерінен үнемі анкета алынады, ата-аналар қауымдастығымен кәсіби бағыттау жұмыстары, ата-аналардың қатысуымен сынып сағаттары жүргізіледі. Барлық мектептерде кәсіби бағыт беретін стендттер ілінген.

Колледждерде дуальды оқыту элементтерін қолдану арқылы мамандар даярлайтын оқу орнының әріптес кәсіпорындары туралы ақпараттық стендттер орналасқан.

Жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

«Баршаға арналған тегін техникалық кәсіптік білім беру» жобасының (бұдан әрі – Жоба) негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында облыстардың білім басқармаларының және колледждер басшыларының қатысуымен мынадай шаралар өткізілді:

1)   2018 жылғы 3 сәуірде – өңірлермен бейнеконференция;

2)   2018 жылғы 16 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Жоба мәселелері бойынша пленарлық отырыс;

3)   2018 жылғы 25 мамыр Директорлар кеңесінің отырысы;

4)   Worldskills Kazakhstan өңірлік чемпионатының шеңберінде ОҚО-да колледж басшыларымен халық арасында ақпараттық жұмыстарды күшейту бойынша кездесу өткізілді;  

5)   2018 жылғы 5 қарашада өңірлерге ТжКБ-ны дамыту бойынша өңірлік кеңестерге қатысу үшін жұмыс тобы жіберілді.   

Орындалды

4-стратегиялық бағыт.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

4.1-мақсат.  Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар  бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету

Жұмыс орындарының тапшылығы

Жоо өз алдына басқаруын кеңейту, жұмыс берушілерді кадырларды даярлауға тарту.

Жоғары біліммен қамтуды ұлғайту.

Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу арқылы нарықтың талабына сәйкес кадрларды даярлау.

Жоо академиялық бостандығын ұлғайту және білім беру нәтижесіне бағытталған бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

Жоғары оқу орындарының басқарушылық дербестігін кеңейту, мамандарды даярлауға жұмыс берушілерді тарту

Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сабақтарды өткізуге, дипломдық жобалауды әзірлеуге жұмыс берушілерді тартады. Елдің 92 жоғары оқу орнында корпоративтік басқару органдары қызмет етеді. Министрлік жыл сайын Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау қағидаларына (ҚР ҰЭМ 2015 жлғы 20 ақпандағы № 115 бұйрығы) сәйкес жоғары оқу орындарындағы байқау кеңестерінің қызметін  бағалайды.

Министрлік топ-менеджментті сайлаудың жаңа принциптерін ескере отырып, жоғары оқу орындарындағы корпоративтік басқару органдарының қызметіне мониторинг және бағалау жүргізу бойынша жобаны іске асырды.

Жоғары біліммен қамтуды арттыру

Министрлік жоғары білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бірқатар қосымша шаралар қабылдауда.

2016 жылдан бастап ҰБТ мен КТ-ны қайталап тапсыру, сондай-ақ балдың ең аз мөлшерін жинамағандар үшін бірінші академиялық кезең біткенше шартты түрде ақылы негізде оқуға қабылдау нормасы енгізілді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс арттырылды (2017 жылы – 10 мың орынға, 2018 жылы 20 мың орынға).

Аталған нормалар жастардың жоғары білім алу үшін шетелге ағылуының алдын-алу, сондай-ақ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жоғары біліммен қамту бойынша индикаторына қол жеткізу үшін қарастырылған.

Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу арқылы еңбек нарығының талаптарын сәйкес мамандарды даярлау

Ұлттық біліктілік жүйесі Біліктіліктің салалық шеңберін, сондай-ақ кәсіби стандарттарды әзірлеуді қарастырады. Бүгінгі күні 90 кәсіби стандарт әзірленді.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 117 және 118 баптарына реттеуші мамандықтардың тізімін қалыптастыру бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл  сертификация жүйесін және реттеуші мамандықтар бойынша біліктілікті растауды дамытуға және енгізуге жол береді.

Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін арттыру және білім берудің нәтижелеріне бағытталған бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

2018 жылғы 4 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды ( бұдан әрі – Заң).

Заң шеңберінде жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық құзыреттері кеңейтілді. Аталған нормалар жоғары оқу орындар қызметін барынша либерализациялауға бағытталған. Жоғары оқу орындары білім беру нәтижелеріне бағытталған заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және еңбек нарығының сұраныстарына қарай бет бұрып отыруға құқылы.

Орындалды

Білім миграциясы, жастардың шетелдік жоо-ға кетуі

Талапкерлерді жоо-ға қабылдау ережелерін жетілдіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде оқыту.

2016 жылдан бастап ҰБТ мен КТ-ны қайталап тапсыру, сондай-ақ балдың ең аз мөлшерін жинамағандар үшін бірінші академиялық кезең біткенше шартты түрде ақылы негізде оқуға қабылдау нормасы енгізілді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс арттырылды (2017 жылы – 10 мың орынға, 2018 жылы 20 мың орынға). Нәтижесінде 2018 жылы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 69 059 орынды құрайды, оның ішінде 53 594- жоғары білім, 13 200- магистратура, 2265- докторантура PhD.

2017 жылдан бастап ЖАО әлеуметтік экономикалық дамуды және мамандар қажеттілігін ескере отырып, келешекте жұмысқа орналастыруды қарастыратын  гранттар бөлуде.

2017 жылдан бастап ТжКБ түлектеріне арналған кешенді тестілеудің жаңа форматы енгізілді.

2018 жылы ТжКБ негізінде жоғары оқу орындарына түсушілерге шекті деңгей 35 балдан 25 балға дейін азайтылды және шетелдік жоо-дан қазақстандық жоо-ға ауысушылар үшін міндетті кешенді тестілеуді тапсыру талабы алынып тасталды.

Орындалды

5-стратегиялық бағыт  Ғылымды дамыту

5.1-мақсат.  Экономиканы әртараптандыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру

ҒЗТКЖ төмен нәтижелілігі

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару тетіктерін жетілдіру.

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобаларды гранттық және мақсатты бағдарламалық қаржыландыру конкурсы шеңберінде ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобалар нәтижелеріне қосымша талаптар енгізілді.

Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілуі тиіс:

1) жаратылыстану, медицина, нақты және техникалық ғылымдар саласында - Web of Science немесе Scopus деректер базасында нөлдік емес импакт-фактормен индекстелген рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдардағы мақалалар: фундаменталды ғылымдар үшін  – 3-тен (үш) кем емес, қолданбалы ғылымдар үшін – 2-ден (екі) кем емес, сонымен қатар нөлдік емес импакт-факторы бар  рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 2-ден (екі) кем емес шығарылым.

2) қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауылшаруашылық, ветеринарлық ғылымдар саласында – нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 3-тен (үш) кем емес мақала, сонымен қатар, ҚР БҒМ БҒБҚ ұсынған журналдарда 2-ден (екі) кем емес басылым.

Гранттық қаржыландыру бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілуі тиіс:

1) бағдарламалар бойынша жарияланды: жаратылыстану, медицина, нақты және техникалық ғылымдар саласында:

фундаменталды зерттеулер үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасында нөлдік емес импакт-фактормен индекстелген рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 4-тен (төрт) кем емес мақала, сонымен қатар нөлдік емес импакт-факторы бар  рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 3-тен (үш) кем емес шығарылым.

қолданбалы ғылымдар үшін: Web of Science немесе Scopus деректер базасында нөлдік емес импакт-фактормен индекстелген рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда 3-тен (үш) кем емес мақала, немесе аталған деректер базасында жаряиланған кемінде екі мақала және кемінде бір қорғау құжаты, немесе аталған деректер базасында жарияланған кемінде бір мақала және кемінде екі қорғау құжаты, сондай-ақ қатар нөлдік емес импакт-факторы бар  рецензияланатын шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 3-тен (үш) кем емес шығарылым.

қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ауылшаруашылық, ветеринарлық ғылымдар саласында: Web of Science немесе Scopus деректер базасында нөлдік емес импакт-фактормен индекстелген рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда екіден кем емес мақала, немесе аталған деректер базасында жарияланған кемінде бір мақала және кемінде бір қорғау құжаты, сондай-ақ қатар нөлдік емес импакт-факторы бар  рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдарда екіден кем емес шығарылым, және нөлдік емес импакт-факторы бар отандық ғылыми басылымдарда үштен  кем емес шығарылым.

Орындалды

Өзінің ғылыми әлеуетін іске асырудың анағұрлым қолайлы перспективалары болғандықтан ғалымдардың басқа мемлекеттерге кетуі

Ынталандыру, ғылыми-техникалық базаларды жаңарту; ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайту; ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу үшін жағдайлар жасау.

Елдің өндірісіне ғылыми әзірлемелерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Ғылым қоры» АҚ тұрақты түрде  нәтижелері аталған міндеттерге қол жеткізуге көмек болатын аяқталған ҒЗТКӘ бар мүдделі ҒЗИ-лар мен ЖОО-ларды іздестіру үшін Қазақстан кәсіпорындарының технологиялық міндеттерінің тізімін қалыптастырады. Қазіргі таңда ЖОО-лар кәсіпорындар үшін 160 технологиялық міндет пен 287 технологиялық шешім қалыптастырылды.

Толық ақпарат «Ғылым қоры» АҚ интернет-ресурсында орналастырылған (http://science-fund.kz).

Бизнестің үлесі жыл сайын артатын болады, себебі ҒЗЖ мен ҒЗҚН коммерцияландыруға жекеменшік секторды тартудың міндетті шарты болып табылады.

Ғылым комитеті «Ғылым қоры» АҚ бірлесіп ғылыми жобаларды қосымша қаржыландыруға жекеменшік бизнесті тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы жобаларды қосымша қаржыландыруды талап ететін бұйрық қабылданды.

Одан басқа, Дүниежүзілік банк жобасы шеңберінде 2017-2018 жылдары «Өндірістік сектордың консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша 2 конкурс өткізілді. Ғылым және коммерциализация бойынша халықаралық ғылыми кеңестің ұсынымдары бойынша технологиялық консорциумдарға 2,6 млрд. теңгеге 6 жоба іріктеліп алынды, ондағы қосымша қаржыландыру көлемі 1,1 млрд. теңгені немесе 42% құрайды.

Орындалды

 

 

 

 

  1. Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу

 

Нысаналы индикаторлардың атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік кезең

Ескертпе (Орындалу / орындалмау туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту

1.1-мақсат.  Балаларды  ерте дамыту  және мектепке дайындау үшін сапалы мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытуға тең  қол жеткізуді қамтамасыз ету

Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

95

95,2

Орындалды

ҰБДҚ мәліметі бойынша республикада барлығы  10 314 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде мемлекеттік - 2870 балабақша және 3695 шағын орталық, жекеменшік – 3289 балабақша және  460 шағын орталық жұмыс істейді.

3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтылған балалар саны 985 721 адамды құрайды. Оның ішінде мектепке дейінгі ұйыммен – 749,4 мың, мектепалды сыныптармен – 236,3 мың бала қамтылған.

Республика бойынша осы жастағы қамтуға жататын балалар саны 1 034 997 баланы құрайды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту жоспарлы 95%көрсеткіште 95,2%-ға жетті.

Есептеуі: 985 721/1 034 997*100% = 95,2%

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық кадрларының үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

45,7

58,2

Орындалды

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлердің саны 94,8 мыңды құрайды.

Білім беру мен ғылым саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына енгізілген мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштер есебінің әдістемесіне сәйкес кәсіптік білімі бар педагогтардың үлесі мектепке дейінгі ұйымдардың меңгеруші, тәрбиеші, әдіскерлерінің жалпы санымен есептеледі.

Жоғарыда аталған педагогтар саны республика бойынша 71,9 мың, оның ішінде 41,9 мың педагогтің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлердің үлесі 58,2% құрайды.

Жоспарлаған көрсеткішті асыра орындау ҰБДҚ екі педагогикалық білімі бар педагогтарды (мысалы: жоғары – биология пәні мұғалімі, ТжКБ – мектепке дейінгі білім) «Педагог кадрлар» МДҰ-07 формасына енгізуге байланысты. Бұрын педагогтардың бұл санаты ескерілмеген.

Есептеуі: 41 876/71 937*100%=58,2%

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тәрбие беру және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

20

 

20,1

Орындалды

6115 бала бақшаның 1232-де ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдай жасалған.

Есептеуі: 1 232/6 115*100=20,1%

2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және  балалардың құқықтарын қорғау

2.1-мақсат. Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Бала өмірінің сапасын жақсарту үшін құқықтық  және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.

ЖОО-ға түсу кезінде шекті деңгейден өткен мектеп түлектерінің үлесі

«ҰТО» РМҚК ресми деректері

%

86

87,5

Орындалды

2017-2018 оқу жылында 98 698 мектеп бітіруші жоғары оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Кешенді тестілеуге қатысты. 86 375 адам шекті деңгейден өтті.

ЖОО-ға түсу кезінде шекті деңгейден өткен мектеп түлектерінің үлесі 87,5% құрайды.

Есептеуі: 86 375/98 698*100=87,5%

Білім берудің жаңартылған мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

71,5

72,7

Орындалды

2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған мазмұндағы орта білім беру бағдарламаларына 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8 сыныптары немесе оқушылардың 72,7%  (2 257 085 адам) өтті. 

1-11 сынып оқушыларының жалпы саны – 3 105 334 адам.

Есептеуі: 2 257 085/3 105 334*100 = 72,7%

 

Ауылдық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ОЖСБ-дағы нәтижелері

ҚР БҒМ БҒСБК ресми  деректері

баллов

 

4-сынып –19кем емес;

9- сынып –40кем емес;

11- сынып –48 кем емес

4-сынып –18,46;

9- сынып –34,41;

 

11- сынып –56,47

 

Ішінара орындалды

ҚР БҒМ Білім жәнеғ ылым саласындағы бақылау комитетінің ресми деректері бойынша ОЖСБ-2018 нәтижесінде ауылдық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мынадай балл алды:

4-сынып –18,46 балл (жоспар –19-дан кем емес);

9-сынып–34,41 балл (жоспар – 40-тан кем емес);

11-сынып – 56,47 балл (жоспар – 48-ден кем емес).

Ішінара орындалудың негізгі себебі, ОЖСБ шеңберінде 4 және 9-сынып оқушыларының таңдалған пәндер бойынша, соның ішінде функционалдық сауаттылық бойынша білімдері бағаланады.

Орта білім деңгейінде функционалдық сауаттылық жаңартылған білім мазмұны шеңберінде дамиды. Қазіргі таңда, жаңартылған мазмұндағы орта білім беру бағдарламаларына 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8 сыныптары немесе оқушылардың 72,7%  (2 257 085 адам) өтті. 

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен ауылдық жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің үлесі

ЖБТ есептік деректері

%

0

0

ҰБДҚ деректері бойынша ауыл педагогтерінің саны 191 666 адам, оның 171 369-ы ауыл мұғалімдері.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің шешіміне сәйкес 4 жыл ішінде 150 мың ауыл мұғалімдерін оқыту жоспарланып отыр.

 

Жалпы қажеттіліктен ағылшын тілінде тілдік курстардан өткен педагогтер дің үлесі (информатика, физика, химия, биология)

Әкімшілік есептілік деректері

%

54,5

54,5

Орындалды

Жалпы қажеттіліктен ағылшын тілінде тілдік курстардан өткен педагогтер дің үлесі (информатика, физика, химия, биология) 54,5% құрайды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін ағылшын тіліндегі курстардан информатика, физика, химия, биология пәндерінің 18 902 педагогі өтті, жалпы қажеттілік 34 651 педагог.

Есептеуі: 18902 (3 жылдағы тыңдаушылар саны) / 34651 *100 = 54,5%

Қазақстандық білім

алушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нәтижелері:

 

 

 

 

 

- оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары саласында PISA-2012, PISA-2015, PISA-2016, оның ішінде:

Нәтижелердің ресми баспасөз хабарламасы

 

 

 

PISA-2018 негізгі халықаралық салыстырмалы зерттеуі 2018 жылғы 2 сәуір мен 25 мамыр аралығында 597 білім беру ұйымынан 16 986 оқушы қатысты.

Нәтижелері 2019 жылғы желтоқсанда жарияланады. 

 

оқу

 

балл

 

 

математика

 

балл

 

 

жаратылыстану

 

балл

 

 

- PIRLS-2016 мәтінді түсіну сапасы саласында

Нәтижелердің ресми баспасөз хабарламасы

балл

PIRLS-2016 қорытындылары

400

PIRLS-2016 қорытындылары

536

 

 

Орындалды

PIRLS– Халықаралық оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеу 5 жылдық циклдармен жүргізіледі (2001, 2006, 2011, 2016). Бағдарламаны Халықаралық білім жетістіктерін бағалау бойынша ассоциация (IEA) үлестіреді. Қазақстан алғаш рет PIRLS-қа 2016 жылы қатысты.

PIRLS – 2016 зерттеуіне әлемнің 50 елі қатысты. Қазақстандық оқушылардың орташа балы 536 бал болды. Бұл Қазақстанға 50 елдің ішінен 27 орынды алуға мүмкіндік берді. Аталған нәтиже Германия, Канада, Австрия және Словак республикасы оқушыларының нәтижелерімен таласа алады. Зерттеуге Қазақстанның 172 мектебінен 4925 оқушы қатысты. Одан басқа, анкеталық сауалнамаға 4- сынып оқушыларының ата-аналары, олардың сынып жетекшілері мен мектеп директорлары қатысты.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

60

 

60

Орындалды

2018-2019 оқу жылында 7014 күндізгі мемлекеттік мектептің 4208-де инклюзивті білім беруге жағдай жасалған.

Есептеуі: 4208/7014*100=60%

Қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

79

84,9

Орындалды

Қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі 84,9% немесе оқушылардың жалпы санынан (3 105 334 адам) 2 639 074 адамды құрады.

Есептеуі: 2 639 074/3 105 334*100=84,9%

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейі

Әлеуметтік зерттеулер

%

75

76

Орындалды

2018 жыл  ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитет «Қазақстан Республикасында балалардың жағдайы туралы» жыл сайынғы баяндама әзірлеу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу қызметі келісім( 2018 жылғы №31 от 22 мамыр)  шеңберінде «Балаларды құқықтық қорғау деңгейін анықтау жөнінде» әлеуметтік зерттеу жүргізілді

 Зерттеу шеңберінде Балалардың құқықтық қорғалуының деңгейі, балалардың өз құқықтарын білу деңгейі және оларды тәжірибе жүзінде қолдану деңгейі бағаланып,  ата-аналармен, мұғалімдермен, тәрбиешілермен және бала тәрбиесіне қатысатын басқа да тұлғалармен, мемлекеттік қызмет өкілдерімен БҰҰ бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелерін орындалуы зерделенді.

Зерттеу жұмысы зерттеудің сандық (сауалнамалық сұрау), сондай-ақ сапалық (түбегейлі сұхбат) әдістерін қолданды. Сауалнама арқылы 4341 жас шамасы 8-нан 18-ге дейінгі балалар, 2574 олардың ата-аналары және балалармен жұмыс істейтін 620 мамандар  (білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау, кәмелетке толмағандар ісі жөнінде инспекторлар  және 160 директор/орынбасарлар, 494 ҚР оқу-тәрбие мекемелерінің педагогтары).

Зерттеу қалалық (облыс орталықтарында, шағын қалаларда) және ауылдық жерлерде (ауылдық облыс орталықтарында, аудандардың орталықтарынан, қашықтағы кішігірім ауылдардан, станциялардан қашықтығы мен әр түрлі аудандарында) жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері бойынша «Балаларды құқықтық қорғау деңгейі» индикаторы келесі үш көрсеткіш бойынша есептелді:

1)  балалардың  құқықтары туралы хабардар болуы – 86%  (сумма значений «Ия, мен өз құқықтарымды білемін, бірақ нашар білемін – 35%», «Ия,мен балалардың барлық құқықтарын жақсы білемін – 51%»)

2) Құқықтарының сақталуына қанағаттанушылық - 53% (барлық құқығым сақталады – 52,6%)

3) Міндеттері туралы хабардар болуы - 90%.

Аталған индикатор орта есеппен -76%-ы құрайды.

Зерттеу қорытындысы бойынша әртүрлі деңгейдегі балалардың құқықтарын қорғау мен сақтауды жүзеге асыруға жұмылдырылған мамандардың жұмысында қолдану және ата-аналар үшін «Қазақстандағы балалардың құқықтық қорғалу деңгейі» әдістемелік құралы әзірленді.

Қазақстандық азаматтардың отбасыларына асырап алуға  берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің үлесі (жыл сайын)

Әкімшілік есептілік деректері

%

21

22,1

Орындалды

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің ақпараты бойынша 2018 жылы балалар үйі мен сәбилер үйінен отбасылар тәрбиесіне 1379 бала берілді, ол тәрбиеленушілердің есептік кезеңнің басындағы жағдайдағы жалпы санының (6223 адам) 22,1% құрайды, оның 455-і қорғаншылыққа, 374-і патронатқа, 112-сі –асырап алуға, 58-і қабылдап алушы отбасына, 7-уі отбасылық типтегі балалар үйіне, 373-і – туған отбасына берілді.

Есептеуі: 1379/6223*100%=22,1% 

 

3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру

3.1-мақсат. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды  қамтамасыз ету

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданғандардың жалпы санынан жұмысшы мамандығы бойынша қабылданған студенттердің үлесі

Әкімшілік есептілік деректері

%

50

50

Орындалды

2018-2019 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 98505 адам қабылданды, олардың 49 165 адамы жұмысшы мамандығы бойынша қабылданған.

Есептеуі: 49165/98505*100%=50%

 

ТжКБ түлектерінің жалпы санынан тәуелсіз сертификаттаудан өткен ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі

«Атамекен» ҰКП мәлімет-тері

%

0,6

0,6

Орындалды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараты бойынша ТжКБ түлектерін тәуелсіз сертификаттаудан өткізу үшін 33 сертфикаттау орталығы қызмет етеді. 2018 жылы ТЖКБ түлектерінің жалпы саны 141 724 адам болды, оның 850-і сертификаттаудан өтті.

Есептеуі: 850/141 724*100%=0,6%

 

Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қарастыратын жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлесі

«Кәсіпқор» ХолдингіКЕАҚ  есебі

%

88,7

88,8

Орындалды

2018 жылы ТжКБ мамандықтары мен біліктілік классификаторындағы 277 мамандықтың 246-сының бағдарламалары оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қарастырылып, жаңартылды.

Есептеуі: 246/277*100%=88,8%

Деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен ИПҚ, оның ішінде колледж жетекшілерінің үлесі

Әкімшілік есептілік деректері мен «Кәсіпқор» ХолдингіКЕАҚ  есебі

%

20

20,4

Орындалды

Педагог қызметкерлердің жалпы саны 29 724 адам, біліктілікті арттыру курсатрынан өткен педагог қызметкерлердің саны 6078 адам, оның ішінде «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ  арқылы 5 200 адам.

Есептеуі: 6078/29 724*100% = 20,4%

 

 

(ТКБД) Халықаралық талаптар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі

«Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ  есебі

%

38,4

38,4

Ішінара орындалды

ТжКБ мамандықтарының әзірлеуге жататындарының жалпы санынан (271) (ТжКБ) Халықаралық талаптар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі 38,4% (104).

Есептеуі: 104/271*100%= 38,4%

4-стратегиялық бағыт.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

4.1-мақсат.  Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар  бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету

Жұмыс істейтін жоғары білімі бар халықтың үлесі

Статистикалық есептілік

%

36

38,5

Орындалды

ҚР ҰЭМ Статистика Комитетінің деректері бойынша жұмыс істейтін халық саны 8 727 891 адам, оның 3 368 231 адамында жоғары білім бар.

Есептеуі: 3 368 231/8 727 891*100% = 38,5%

QS-WUR, ТОП-200, Times Higher сияқты кемінде екі жалпыға танылған халықаралық рейтингтерде белгіленген Қазақстан ЖОО саны

QS-WUR ресми ақпараты

бірлік

0

0

Әлемнің үздік университеттерін бағалау QS рейтингінде алты критерий негізінде жүргізіледі:

1.    Академиялық бедел – 40%;

2.    Жұмыс берушілер арасындағы бедел –10%;

3.    Оқытушы құрамның студенттер санына қатынасы 20%;

4.    Жарияланымдар индексі – 20%;

5.    Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5%.

Соңғы үш жылда аталған рейтингтегі жоғары оқу орындарының саны 10 бірлікке жетті. Әлемдегі үздік унивреситеттер рейтингісінің QS WUR 2018-2019 жылғы нәтижелері 2018 жылғы 6 маусымда жарияланды.

2018 жылы QS WUR рейтингісіне 10 қазақстандық ЖОО кірді.

топ -300: 1 ЖОО - Әл-Фараби атындағы КазҰУ - 220 орын,

топ - 500: 5 ЖОО- жоғарыда аталған ЖОО-мен қатар Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ – 394 орын, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ 464 орын, М. Әуезов атындағы ОҚМУ 480 орын, Абай атындағы ҚазҰПУ 481 орын.

топ 701+: 10 ЖОО– жоғарыда аталған ЖОО-мен қатар, Букетов атындағы ҚарМУ,  Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті және  КБТУ «Топ-651-700», КарМТУ «Топ-651-800», Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТ – «Топ 801-1000».

Техникалық, педагогикалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтар бойынша үш тілде жүргізілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының үлесі

БҒМ есеп деректері

%

25

25,7

Орындалды

Техникалық, педагогикалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтар бойынша үш тілде жүргізілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының үлесі – 25,7%.

2018 жылғы қолданыстағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кеінгі білім Классификаторында 535 мамандық бар. Әрбір мамандық бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді.

2015 жылы және 2016 жылы шетелдік серіктес ЖОО-лар өкілдері мен ИИДМБ кәсіпорындарының қатысуымен 48 білім беру бағдарламалары әзірленді.

2016 жылы  ағылшын тілінде 10 білім беру бағдарламалары төмендегі бакалавриат мамандықтары бойынша әзірленді және бекітілді:  1. Информатика; 2. Физика; 3. Химия; 4. Биология;                       5. Ақпараттық жүйелер; 6. Автоматтандыру және басқару;                   7. Металлургия; 8. Машина жасау; 9. Органикалық заттардың химиялық технологиясы; 10. Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы.

2017 жылғы 1 қыркүйектен аталған білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді қабылдау жүргізілді. 

2017 жылы ағылшын тілінде тағы да 10 білім беру бағдарламалары төмендегі бакалавриат мамандықтары бойынша әзірленді және бекітілді: 1. Электроэнергетика; 2. Радиотехника, электроника, телекоммуникация; 3. Есептеу техникасы және бағдарламалық жабдықтау; 4. Геология және пайдалы қазбалар кенін зерттеу;               5. Мұнай газ ісі; 6. Математика; 7. Ядро мен бөлшектер физикасы;     8. География; 9. Биотехнология; 10. Математикалық және компьютерлік моделдеу. 

2018 жылғы 1 қыркүйектен аталған білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді қабылдау жүргізілді. 

Сонымен қатар ЖОО-ларда шетелдік серіктес ЖОО-лармен  бірлескен 70 білім беру бағдарламасы іске асырылады.

Осылайша, ағылшын тілінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларының жалпы саны 138 бірлікті құрайды.

Техникалық, педагогикалық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтар бойынша үш тілде жүргізілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының үлесі – 25,7%.

Есептеуі: 138/535*100%=25,7%

Әзірленген құжаттар және олар бойынша жариаланған конкурс бойынша оң қорытында алған МЖКӘ жобалар санының артуы

БҒМ

есептілік деректері

ед.

1

1

Орындалды

МЖӘ-нің «Өңірлік тестілеу және педагогикалық құзыреттілік орталығы» жобасы шеңберінде 2018 жылы ҚР БҒМ, Атамекен ҰКП, ҚР АКМ, ҚР ҰЭМ, МЖӘ КЦ  оң қорытындылары алынды.

Жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің үлесі

ҰЭМ СК «ҚР жоғары оқу орындары» статистикалық бюллетені

%

3,96

4

Орындалды

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша (3-НК) жоғары оқу орындарындағы шетелдік студенттер саны 21 727 адам. Елдің жоғары оқу орындарында 542 458 студент білім алуда.

Есептеуі: 21 727/542 458 *100%= 4%

5-стратегиялық бағыт  Ғылымды дамыту

5.1-мақсат.  Экономиканы әртараптандыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру

Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі

БҒМ

есептілік деректері

%

19

23,5

Орындалды

2018 жылғы коммерцияландыруға бағытталған және қаржыландырылған жобалардың жалпы саны – 67.

Ғылыми зерттеулердің мақсатты бағдарламалық қаржыландыру шеңберіндегі қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны 285 жобаны құрады.

Есептеуі: 67/285*100%= 23,5% 

ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі

Статистикалық деректер

%

21,9

24,9

Орындалды

ҚР ҰЭМ Статистика Комитетінің деректері бойынша ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі 24,9 % тең (2017 жылғы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемі -  68 884,2 млн.теңге, тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге –  17 188,7 млн. теңге).

Есептеуі: 17 188,7/68 884,2*100%  = 24,9%.

Жыл ішіндегі  Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) базасы бойынша дәйексөз алыну мен жарияланымдардың деңгейі

Thomson Reuters ресми деректері

%

40

40,5

Орындалды

Web of Science Core Collection деректері бойынша 2018 жылғы жарияланымдар саны 2137 бірлік болды, оған 866 бірлік немесе 40,5% дәйексөз келтірілген.

Есептеуі: 866/2137*100%= 40,5%

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының

2018 жылы орындалуы туралы талдамалық жазба

 

2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары іске асырылды (ҚР БҒМ 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 675 бұйрығы) (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар).

Стратегиялық жоспарды іске асыру бес стратегиялық бағыт бойынша жүргізілді:

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

2) Орта білім беру және балалар құқықтарын қорғау;

3) Техникалық және кәсіптік білім беру;

4) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

5) Ғылымды дамыту.

Стратегиялық жоспарда барлығы 26 нысаналы индикатор қарастырылған.

2018 жылы Стратегиялық жоспардың 26 нысаналы индикаторынан                  24 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген:

- қол жеткізілді – 23;

- ішінара қол жеткізілді – 1.

1-стратегиялық бағыт. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту.

1.1-мақсат. Ерте жастан дамыту және балаларды мектепке даярлау үшін сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Стратегиялық жоспарға сәйкес 2018 жылы аталған бағыт шеңберінде              3 нысаналы индикаторды орындау қарастырылған. Мониторинг қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілді.

Ағымдағы жағдай

Мектепке дейінгі білім түрлі нысандағы мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту есебінен қамтамасыз етіледі. 2017 жылмен салыстырғанда елімізде мектепке дейінгі ұйымдар желісі 486 бірлікке көбейді, контингент –                 18 591 адамға.

Егер бұрын дәстүрлі балабақшаларға балама ретінде шағын орталықтар дамытылса, қазір балабақшалар желісін дамыту басымдыққа ие. 2018 жылдың қорытындысы бойынша балабақшалар саны 551 бірлікке артты (2017 жыл –   5608 балабақша, 2018 жыл – 6159 балабақша), осылайша шағын орталықтардың саны 65-ке кеміді (2017 жыл – 4220 шағын орталық, 2018 жыл – 4155 шағын орталық).

Осылайша, 2018 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 10314 бірлікті  (2017 жыл – 9828 бірлік) және контингенті 880 896 адамды құрады (2017 жыл – 862 305 адам). 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту - 95,2% (2017 жыл – 90,5%),  1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 77,1% (2017 жыл – 66,1%). 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамтудың            өсу динамикасы 4,8%-ды құрады, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту -10%.

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудағы басымдық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік болып табылады. Соңғы жылдары білім беру саласына бизнесті тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2018 жылы ашылған                  788 мектепке дейінгі ұйымдардың 93,6% (738) жеке сектормен ашылған. Еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың 36,3% (3749) жеке, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен  5,2%-ға жоғары. Оларға 34,9% немесе 307 353 мектепке дейінгі жастағы бала барады (2017 жыл - 258 153 бала немесе 29,9%).

Ең көп жеке мектепке дейінгі ұйымдар Түркістан (110 бірлік), Алматы    (92 бірлік) облыстарында және Алматы (204 бірлік), Астана (47 бірлік) және Шымкент (57 бірлік) қалаларында ашылған.

Әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі оқыту дағдыларын дамытатын стандарт пен бағдарлама бекітілді (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 және            5 желтоқсандағы №668 бұйрықтары).

Мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру үшін Жол картасы іске асырылуда (ҚР БҒМ 2018 жылғы 27 қарашадағы №648 бұйрығы), онда мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының біліктілігін арттыру, ұлттық біліктілік тестін өткізу, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтары мен оларға теңестірілген қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың кадрлық құрамында оң динамика байқалуда. Егер 2017 жылы тәрбиешілердің 34,8% мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласында кәсіптік даярлығы болса, 2018 жылы аталған көрсеткіш 58,2% құрады.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту»мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдар педагог қызметкерлерінің үлесі 58,2% құрайды (2017 жыл - 42,2%).

20,1% немесе 1231 мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруге жағдай жасалуда. Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары үшін Отбасы.кз сайтында қашықтан оқыту ұйымдастырылған.

Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды автоматты түрде бөлу жүйесі              25 қалада енгізілген, бұл процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік берді.

Мәселелер:

Желінің өсуіне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға кезек сақталуда – 556,2 мың. Өңірлер бөлінісінде кезектің айтарлықтай үлесі Алматы қаласында – 17,2% (95 822 бала), Алматы облысында – 8% (44 494 бала), Қарағанды облысында – 7,8% (43 282 бала, оның ішінде Қарағанды қаласында –                39 901 бала), Маңғыстау облысында байқалуда – 7,6% (42 620 бала).

Қабылданып жатқан шаралар:

Өңірлерде мемлекеттік-жеке әріптестік механизмін пайдалану арқылы жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру.

2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалар құқықтарын қорғау.

2.1-мақсат. Сапалы орта білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Балалардың өмірін жақсарту үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету. 

2018 жылы 9 индикаторды орындау көзделген. 9 нысаналы индикатордан қол жеткізілгені - 8, ішінара қол жеткізілгені - 1.

Ағымдағы жағдай

Республика көлемінде 7334 мектеп жұмыс істейді, онда 3 158 751 бала оқиды. 2017 жылмен салыстырғанда желі 21 мектепке қысқарды, негізінен шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) жабылуы есебінен. Алайда, білім алушылар контингенті өсуде, бұл оң демографиялық және көші-қон процестерімен байланысты. 2017 жылдан өсім 4,5% құрады немесе 135,6 мың адам (2017 жыл – 3 023 172).

2017 жылдан ШЖМ саны 108 бірлікке қысқарды. 2018 жылы                      ШЖМ күндізгі мектептердің жалпы санынан 41% құрады. Онда білім алушылардың тек 6,4% (198 603 адам) білім алуда және педагогтардың 15,4% (44 534 адам) сабақ береді. ШЖМ әдістемелік көмек көрсету үшін                           177 ресурстық орталық жұмыс істейді, оларға 589 магниттік мектеп бекітілген.

Жаңартылған білім мазмұнына көшу жалғасуда (72,7% бала). Жаңартылған мазмұнда басымдық функционалдық сауаттылыққа беріледі – тек білу ғана емес, сондай-ақ жасау.

PIRLS-2016 зерттеуінде (бастапқы мектеп білім алушыларының оқу және мәтінді түсіну сапасы) қазақстандық оқушылардың орташа баллы 536 баллды құрады. Бұл Қазақстанның 50 елдің ішінде 27-орын алуына мүмкіндік берді. Аталған нәтиже Германия, Канада, Австрия және Словакия Республикасының көрсеткіштерімен сәйкеседі.

ОЖСБ-2018 қорытындысы бойынша ауылдық жалпы білім беретін мектептер 11-сыныптарының білім алушылары үздік нәтижелер көрсетіп,              48 кем емес жоспарда 56,47 балл жинады.

Қазақстандық білімнің шешуші факторы жоғары білікті кадрлар болып табылады. 2018 жылы мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің 54,5% (157 944 адам) бірінші және жоғары санаты бар.                2018 жылы жаңартылған мазмұн бойынша біліктілік арттыру курстарынан 78 872 мұғалім өтті.

Денсаулық жағдайына қарамастан сапалы білім алуға тең мүмкіндіктерге тең құқықтар қағидасы іске асырылуда. 2018 жылы республикада                7014 мектептің 4208-і (60%) инклюзивтік білім алу үшін жағдай жасалған, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен (55%) 5%-ға жоғары.

Балаларды индивидуальды дамыту, оларды тұлғалық дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 993 779 баланы қамтитын 1303 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, мектептер жанында қызығушылық бойынша үйірмелер жұмысы ұйымдастырылған (мысалы: би, театр және т.б.) және оларға 1 645 295 бала қатысады.

Республикада қосымша білім беру жүйесін дамыту шеңберінде бұқаралық спортты даыту, оның ішінде мектеп жасындағы балалар арасында дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Еліміздегі білім алушылардың 36,7%-ы мектептердің спорттық секцияларымен, республикалық балалар мен жасөспірімдер турнирлерімен (Оқушылар спартакиадасы және т.б.) қамтылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына еліміздің барлық мектептері тартылған - 100%.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес 2018 жылы балалар үйі мен сәби үйінен отбасына тәрбиелеуге 1379 бала берілген, бұл есеептік кезеңнің басындағы тәрбиеленушілердің жалпы санынан 22,1% құрайды (барлығы 6223 адам), оның ішінде қамқоршылыққа (қорғаншылық) – 455, патронатқа – 374, асырап алуға – 112, қорғаншы отбасына – 58, отбасылық үлгідегі балалар үйі -7, туған отбасына қайтарылғандар – 373).

Балалардың құқықтық қорғалуы -76%, жоспар 75%.

Мәселелер:

Стратегиялық жоспарда орта білім беру жүйесінде ауыл мектептерінің      4, 9-сыныптары оқушыларының оқу жетістіктерін сыртқы бағалау бойынша нысаналы индикаторға ішінара қол жеткізу орын алуда.

Ішінара қол жеткізудің негізгі себебі 4 және 9-сыныптарды ОЖСБ таңдаған пәні, оның ішінде функционалдық сауаттылық бойынша оқушылардың білімі бағаланатындығымен байланысты.

Орта білім беруде функционалдық сауаттылық жаңартылған мазмұн шеңберінде дамиды. Қазіргі кезде орта білім берудің жаңартылған мазмұнының бағдарламасы бойынша оқытуға 2016-2017 оқу жылынан кезең-кезеңімен 1, 2, 3, 5, 6, 7 және 8-сыныптар көшті немесе оқушылардың                72,7% (2 257 085 адам).

Қабылданып жатқан шаралар:

2019 жылғы қыркүйектен 4 және 9-сыныптарды жаңартылған мазмұнға көшіру.

Жаңартылған мазмұн бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім беру

3.1-мақсат. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды  қамтамасыз ету

5 мақсатты индикаторға қол жеткізу қарастырылған:

  • қол жеткізілгені – 5 индикатор.

Ағымдағы жағдай

Кадрларды даярлау 821 колледжде жүзеге асырылуда
(479 мемлекеттік, 342 жекеменшік), онда 489 мың студент білім алады (мемлекеттік тапсырыс бойынша 276 мың адам).

583 колледжде «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасы іске асырылуда.

2018-2019 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша 98 505 адам қабылданды, оның ішінде жұмысшы біліктілігі бойынша 49 165 студент қабылданды.

Халықаралық талаптар, оның ішінде WorldSkills негізінде барлық 246 мамандық бойынша модульдік бағдарламалар әзірленді. Бағдарлама бір мамандық шеңберінде кемінде 3 туыстық біліктілікті меңгеру мүмкіндігін береді.

Біліктілік арттыру курстарынан ТжКБ-ның 6078 педагогі өтті (20,4%).

46 колледжде ЖОО-мен бірге қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын және оқытудың кредиттік технологиясын енгізу бойынша  пилоттық жоба жүргізілуде.

Мемлекеттік колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларының 45% заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Дуальды оқыту 4 181 кәсіпорынның қатысуымен 486 колледжде (2017 ж. – 460 колледж) енгізілді. Колледждерде дуальды оқыту барысында жұмыс берушінің талабын ескере отырып, модуль мазмұнын 50%-дан 80%- ға дейін өзгерту мүмкіндігі бар.

ТжКБ оқу мекемелерін мамандандыру жүргізілуде. Қазіргі таңда қайталанатын және сұраныс жоқ 109 ТжКБ мамандығы қысқартылды. Бұл өзгеріс 66 колледждің бейінін өзгертті және 20 колледжді біріктірді. 

Құзыреттілік орталықтарын дамыту үшін өңірлерде 1,4 млрд.теңге инвестиция тартылды, оның ішінде институционалды әріптестер тарапынан 269,6 млн.теңге, ЖБ-тен 1,15 млрд. теңге бөлінді.

Арнайы түзету мектептерінің түлектеріне колледжге оқуға түсу мүмкіндігін беру үшін колледждерге қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. 

Проблемалар:

ТжКБ-да колледждерді материалдық-техникалық жабдықтау өзекті болып қалуда.

ҰБДБ мәліметтері бойынша жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 479 мемлекеттік колледждердің 5 610 (барлығы 12 335) шеберханалары, зертханалары мен арнайы пәндер кабинеттері немесе колледждердің жалпы санынан 45%-ы жабдықталған.

Қабылданып жатқан шаралар:

Жұмыс берушілердің талаптарына сай келетін заманауи жабдықтармен материалдық-техникалық базаны жаңартуды МЖӘ-ні дамыту және бюджеттен тыс қаржыларды тарту есебінен жүзеге асыру ұсынылады.

4-стратегиялық бағыт.  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

4.1-мақсат.  Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар  бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету

2018 жылы 4 индикатордың орындалуы қарастырылған және барлық                  4 индикаторға қол жеткізілді.

Ағымдағы жағдай

131 ЖОО жұмыс істейді (10 ұлттық, 31 мемлекеттік, 14 азаматтық емес, 1 ДБҰ, 1 халықаралық, 18 акционерлік, 56 жекеменшік).

Контингент – 556 293 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 147 272 адам (бакалавриат – 505 025 адам, магистратура – 37 792 адам, докторантура – 5 262 адам,  интернатура – 5 326 адам, резидентура – 2 888 адам).

Білім беру грантының жалпы көлемі 69 089 орынды құрады, оның ішінде 53 594 – жоғары білім, 13 220 – магистратура, 2 275 – PhD докторантура.

ЖАО есебінен бөлінетін білім беру грантының саны шамамен 2800 грантты құрады (2017 ж. – шамамен 600).

Жоғары оқу орындарына түсу үшін 2017-2018 оқу жылында 98 698 мектеп бітірушілері Ұлттық бірыңғай тестілеуге және кешенді тестілеуге қатысты. Шекті деңгейден өткендер саны 86 375 адам немесе 87,5%.

2019 жылдан бастап 11-12 сынып оқушылары ЖОО-ға ақылы түрде оқуға түсу үшін ҰБТ-ны қаңтар айында тапсыра алады (ҰБТ-ны жылына төрт рет: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында тапсыруға болады).

Жоғары білім алуға қолжетімділікті кеңейту бойынша қабылданған шаралар (мемлекеттік тапсырыстың ұлғаюы, ҰБТ-ны қайта тапсыру, КТ) нәтижесінде студенттердің кетуі қысқартылды. Мысалы, 2018 жылы ШҚО-да елдің аумағынан тыс оқу орындарына 636 түлек түскен (Ресей – 624, Қытай, Чехия, Германия, Канада, Грузия - 12), ал 2017 жылы – 890, 2016 жылы – 1600 болған.

Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің саны 7,8 мың адамға ұлғайды (2017 ж. – 13898 адам), студенттердің жалпы санынан үлесі 4% (2018 ж. – 21 727 адам).

2018 жылы «Серпін» жобасына қатысушы 26 ЖОО-ның 7-еуі бірінші рет педагог мамандарды оқытып шығарды (932 адам). Өңірлерде жұмыспен қамтудың жоғары көрсеткіші Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде – 92%, Қ.Аманжолов атындағы ШҚМУ – 89%, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ – 89%.

ЖОО білім беру сапасы бітіруші түлектердің оқуды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамтылу рейтингі негізінде өлшенетін болады. Егер жұмыспен қамту пайызы төмен болса (50%-дан төмен), ұйымнан лицензияға қосымшалар қайтарылып алынатын болады.

«Атамекен» ҰКП 2000 білім беру бағдарламасына бағалау жүргізді. Зерттеуге 109 ЖОО қатысты. Нәтижесінде 92 мамандықтың рейтингісі жасалды. Бағалауға 700 сарапшы тартылды, 6000 сараптамалық қорытынды берілді.

Зерттеу маңызды өлшемшарттары жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сонымен бірге түлектерге сауалнама жүргізу нәтижелері болып табылатын әдістемеге сәйкес жүргізілді.

Қазіргі уақытта жоғары білімі бар жұмыс істейтін халықтың үлесі 38,5%-ды құрайды. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ресми мәліметтері бойынша жұмыс істейтін халықтың саны 8 727 891 адам, оның ішінде жоғары білімі барлар 3 368 231 адам.  

50 жоғары оқу орындарында 49 шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізіледі. Жыл сайын бакалавриаттың ЖМЦ мамандықтары бойынша ағылшын тілінде 10 оқыту бағдарламасы ендіріледі. 

2018 жылы 318 шетелдік ғалымдар дәріс оқуға шақырылды, сонымен қатар ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары мен әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады.

Әлемнің үздік университеттері QS WUR рейтингінде 2018 жылы               10 қазақстандық жоғары оқу орындары байқалды. Рейтингтен алғаш рет Қазақ ұлттық аграрлық университеті және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті  көрінді. Қазіргі уақытта еліміздің 1 жоғары оқу орны «Топ-300», 1 жоғары оқу орны «Топ-400»-ге кіреді, сондай-ақ бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары өз позицияларын айтарлықтай жақсартты.

Анықтама ретінде: 2018 жылы QS WUR рейтингінде 2018 жылы 10 жоғары оқу орны бар - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (220); Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (394); Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ (464); М.Әуэзов атындағы ОҚМУ (480); Абай атындағы Қаз ҰПУ (481); Бөкетов атындағы ҚарМУ; ҚазҰАУ (Топ 601+); ҚБТУ (Топ 601+); ҚарМТУ (751-800); Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (801+).

Проблема:

Жатақханалардағы орындардың жеткіліксіздігі.

Қабылданып жатқан шаралар:

Мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасы шеңберінде жатақханалар салу.

5-стратегиялық бағыт  Ғылымды дамыту

5.1-мақсат.  Экономиканы әртараптандыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру

3 мақсатты индикаторға қол жеткізу қарастырылған, барлық                           3 индикаторға қол жеткізілді.

Ағымдағы жағдай

Ғылым саласында 386 ұйым мен 22 081 адам зерттеулермен және ғылыми жұмыстармен айналысуда. Оның ішінде жасы 35-ке дейінгі жас ғалымдар саны 7 733. 

ҒЗТКЖ қаржыландыру көлемінен тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер шығыны 24,9%-ды құрады. 

Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 23,5%-ды құрады. 2018 жылы 285 қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары жобаларының ішінен 67-сі коммерциаландыруға және қаржыландырылуға бағытталды.

Жыл ішіндегі  Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) базасы бойынша дәйексөз алыну мен жарияланымдардың деңгейі жарияланымдардың жалпы санынан (2137) жыл ішінде 40,5%-ды (866 бірл.) құрады.

 

Қорытындылар мен ұсыныстар

Есептік кезеңде жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін және жоспарланған мақсаттарды, міндеттерді, көрсеткіштерді арттыруға бағытталған  келесі шаралар қабылданды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді (2018ж. 24.07. №460 ҚРҮҚ).

2018 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2018 жылғы 4 шілдедегі №171-VІ) және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2018 жылғы 4 шілдедегі №172-VІ) ҚР Заңы қабылданды.

ҚР Үкіметінің 52 қаулысы қабылданды, ҚР Әділет министрлігінде 172 ведомстволық бұйрық тіркелді.

«Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдама жобалары әзірленді және ҚР Әділет министрлігінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды.

Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру үшін Операциялық жоспардың орындалуына іс-шаралардың орындалу қауіптерін анықтау және бұдан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар беру үшін тоқсан сайын ішкі мониторинг жүргізіледі.

Стратегиялық жоспарды бұдан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар.

Стратегиялық жоспарды бұдан әрі іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мынадай бағыттар бойынша жұмыстарды күшейту:

- мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту, оның ішінде МЖӘ есебінен;

- мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктіліктерін арттыру;

- мектепке дейінгі тәрбиешілердің арасында ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу;

- әлеуметтік дағдыларды ерте жастан дамыту үшін балаларды ерте жастан дамытатын оқу бағдарламаларын енгізу;

- апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін мектептер салуға МЖӘ тетіктерін дамыту бойынша жұмыстарды жандандыру;

- орта білім беру жүйесінде оқушлардың функционалдық сауаттылықтарын, сыни ойлауын, алған білімдерін нақты өмірде қолдана алу қабілетін құруға бағытталған жаңартылған білім мазмұнын ендіруді жалғастыру;

- 10-11-сыныптарда пәндерді (физика, химия, биология, информатика) ағылшын тілінде оқытуға көшу жұмыстарын жалғастыру;

- жаңартылған мазмұн бойынша педагогтардың біліктіліктерін арттыру, ағылшын тілінде тілдік курстардан өту;

- орта білімді цифрландыру жұмыстарын жалғастыру (кең жолақты интернетке қосылу, мультимедиялық, компьютерлік және бейне қондырғылармен жабдықтау, мектептерді ЦБР-мен қамтамасыз ету);

- қосымша білім беру қызметтерін көрсететін әртүрлі ұйымдар желілерін, оның ішінде сыныптан тыс үйірмелер мен спорт секцияларын кеңейту бойынша шаралар қабылдау;

- техникалық, кәсіптік білім мамандықтарын насихаттау бойынша жұмыстарды күшейту;

Дата публикации
15 февраля 2019