«Орта білім беруді жаңғырту» жобасын Басқару тобының сатып алу жөніндегі маман бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 13 маусымдағы №157-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес орта білім беру сапасын арттыру, білім берудегі қолжетімділік пен теңдікті арттыру мақсатында «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыруда.

ҚР БҒМ Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі маман бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Сатып алу жөніндегі маман Жобаны басқару тобының құрамында (Нұр-Сұлтан қаласы) жұмыс істейтін болады және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы өкілдігінің сатып алу саласындағы мамандарымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, Дүниежүзілік Банктің сатып алу жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес халықаралық және жергілікті сатып алуды жүзеге асырады. Сатып алу жөніндегі маман сатып алуды жоспарлауға, сатып алу үшін құжаттарды дайындауға, Дүниежүзілік Банктің сатып алу жөніндегі нұсқаулығы мен рәсімдеріне сәйкес Министрлікке, Жобаны басқару тобына және бағалау комиссияларына консультация беруге жауапты болады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. экономика, қаржы, құқық тану саласындағы жоғары білім;
  2. мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі, сатып алу рәсімдерін білу және Дүниежүзілік банк жобаларында жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық болып табылады;
  3. іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу жүргізу дағдылары, таныстырылым дағдылары;
  4. мемлекет және орыс тілдерін жетік білу; ағылшын тілін білу міндетті.

Мүдделі үміткерлердің назары Дүниежүзілік банктің
2011 жылғы қаңтардағы консультанттарды іріктеу және жалдау жөніндегі нұсқаудың 1.9-тармағына аударылуы тиіс, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер қақтығысы туралы саясаты баяндалған.

Үміткерлер түйіндемесін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ білімі мен жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелерін 2021 жылдың 8 ақпанға дейінгі мерзімде мына электрондық поштаға жіберуі тиіс eduproject2022@gmail.com. Хаттың атауында «Сатып алу жөніндегі маман бос лауазымына» деп көрсетілуі керек.

Талаптарға сай келетін үміткерлер сұхбаттасуға шақырылады.

Байланыс тел. 8(7172)645796,  87776206535.

Дата публикации
03 февраля 2021