ҚР Білім және ғылым министрлігі Ислам ынтымақтастығы ұйымына және Қосылмау Қозғалысына мүше елдердің азаматтары үшін Әзербайжан Республикасының Жоғары оқу орындарында білім беру гранттарының негізінде 2020-2021 оқу жылында білім алуға 4 оқу гранты (2 негізгі, 2 қосымша) бөлінгенін хабарлайды.
Грант келесі шығыстарды қамтиды:
– Тегін оқу;
– Шәкіртақы;
– Әуе билеті (жылына бір рет);
– Жатақхана;
– Медициналық сақтандыру;
– Тіркеу.
Үміткерлер өз білімдері туралы ақпаратпен бірге қосымшадағы өтініш формасын толтырып, 2020 жылғы 10 ақпанға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзербайжан Республикасының Елшілігіне жолдауы қажет.
Өтінім мен қажетті құжаттар тізімі
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Елшіліктің + 7 7172 75-55-27 телефонына және nursultan@mission.mfa.gov.kz электронды поштасына хабарласу қажет.