Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі ИЫҰ-ның 2020-2021 оқу жылына арналған білім алмасу бағдарламасы шеңберінде ұйымға мүше елдерден келген Бангладештің мемлекеттік және жеке медициналық/стоматологиялық колледждеріндегі медицина және стоматологиялық хирургия бакалавриатына шетелдік студенттерге гранттар бөлу туралы хабарлайды.

 

            Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (бұдан әрі – ИЫҰ) Бас хатшылығы жіберген нотаға сәйкес (ағылшын тілінде қоса беріледі) Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі ИЫҰ-ның 2020-2021 оқу жылына арналған білім алмасу бағдарламасы шеңберінде ұйымға мүше елдерден келген Бангладештің мемлекеттік және жеке медициналық/стоматологиялық колледждеріндегі медицина және стоматологиялық хирургия бакалавриатына шетелдік студенттерге гранттар бөлу туралы хабарлайды.

            Үміткерлер 2021 жылдың 22 қаңтарына дейін мемлекеттік медициналық/стоматологиялық колледжге, сондай-ақ  2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жеке медициналық/стоматологиялық колледжге үш данада толтырылған сауалнамаларды өз бетінше жіберіп, Эр-Риядтағы Бангладеш Елшілігіне жіберуі керек екеніне назар аударамыз.

            Ұсынылатын стипендиялардың саны, академиялық біліктіліктің баламалылығы және оқуға түсуге жарамдылық критерийлері туралы толық ақпарат қоса беріледі.

            Қосымша: 13 п.

Приложение
Дата публикации
21 января 2021