Сербия Республикасының Үкіметі «Сербиядағы бейбітшілік» жобасы шеңберінде 2020-2021 оқу жылына Белград, Нови-Сад, Крагуевац және Ниш университеттерінде студенттерге, магистрлер мен докторанттарға екі стипендия ұсынады (факультеттер тізімі қосымшада). Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін жалғасады.
Грант келесі шығындарды қамтиды: серб тілін үйренуге арналған тегін дайындық курстары (серб тілі бойынша онлайн курс және Сербия Республикасына келгеннен кейін серб тілін қарқынды оқыту курсы), тегін оқыту, 15,000.00 денар мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы, студенттік орталықтарда тегін тұру, тамақтану, міндетті медициналық сақтандыру, өтініш берушінің тұрғылықты жеріне оралуы, орта мектеп дипломдарының мен жоғарғы білім туралы дипломдарды тегін тану. Қалған шығындарды грант иегері өзі өтейді.
Үміткерлер өтініштерін Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 11-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктер үйі ғимаратына әкеліп тапсыруы тиіс, тел.: 8(7172) 741612.