«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын
беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған
азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе
олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту» және «Білім беру
грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстардың орнын толтыру, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстардың орнын толтыру, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарының жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин