Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы»
республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«14. «Балаларды ерте дамыту ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
6-бөлімде:
мына:
«
|
10) |
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы |
40 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
10) |
Балаларды ерте дамыту ғылыми-зерттеу институты |
40 |
»
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин