Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Гранттың мөлшерлері:
- жатақханада тұруды есептемегенде жылына 2 140 733 (екi миллион жүз қырық мың жетi жүз отыз үш) теңгені;
- жатақханада тұруды есептегенде жылына 3 038 333 (үш миллион отыз сегіз мың үш жүз отыз үш) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».
- Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин