Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандартын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 1274 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні кеңінен ендіруге бағытталған шаралардың 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарының 4.1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Ж. Шарабасов