ҚР Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, 11-кіре-беріс, «Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы» РМҚК президенті бос лауазымды орнына конкурс жариялайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі, 010000 Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8,  11-кіре-беріс, «Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы» РМҚК президенті бос лауазымды орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8.

Қызметінің негізгі мәні – білім саласында, оның ішінде 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру жүйесін, оның ішінде                     12 жылдық білім беру мазмұнының теориясын реформалауды әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету, білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм және экономикалық қызмет түрінде тиісті ұйым бейінінде басшы лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс. «Іскер әкімшілік магистрі» ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болғаны дұрыс.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

  • қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (фотосуретпен);
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 086-нысан).
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.

Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Персоналды басқару қызметіне енгізу қажет, телефон: 8 (7172) 74-24-23.

Дата публикации
09 декабря 2020