Жастар корпусын дамыту жобасының қорытындысы негізінде ҚР Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу бойынша конкурс

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ СҰРАНЫМ

ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫ

 

Грант нөмрі:

TF014174

Контракт нөмірі:

KZYCP/CS-CQS-06

Тапсырма атауы:

Жоба қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне ұсыныстар әзірлеу бойынша талдамалық-зерттеу қызметі

Жұмыстың күтілетін басталу мерзімі

2021 жылғы қаңтар

Тапсырма ұзақтығы:       

4 ай

 

            Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) жастардың, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру және қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мақсатында Жастар корпусын дамыту жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады.

            Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізетін жастар саясатын тиімді іске асыруға ықпал етеді. Жоба қағидаттарының бірі - жастардың оң дамуын мойындау, сондай-ақ жастарға қоғам өмірінде белсенді өмірлік ұстанымын құру үшін қосымша мүмкіндіктер беру болып табылады.

            Жобаның іс-шаралары 3 компонент аясында ұйымдастырылады:

            Жобаның бірінші компоненті «Қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту және өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бағдарламасын қолдау» қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына және өмірлік маңызды дағдыларға оқытуды дамытуға бағытталған. Бірінші компонент төрт кіші компоненттен тұрады: (i) қоғамдастық игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту жөніндегі кіші жобалар шеңберіндегі гранттар мен әлеуметтік стипендиялар, (ii) өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару мәселелері бойынша оқыту, (iii) жастардың осал топтарымен жұмыс істеу және (iv) үйлестіру, ақпараттық әрекеттестік және есептілік. Үйлестіру агенттігі бірінші компонент бойынша іс-шаралардың күнделікті орындалуын бақылауға жауапты

            Жобаның екінші компоненті «Жастар саясатын іске асыру тұрғысынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің институционалды дамуын қолдау» мемлекеттік жастар саясатын жетілдіруге бағытталған. Бұл компонентке жастар саясаты мен Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыруға қажетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің институционалдық әлеуетін күшейтуге бағытталған іс-шаралар кіреді.

             Жобаның үшінші компоненті «Жобаны басқару, мониторингті және бағалауды ұйымдастыру» Жобаны басқару тобы (бұдан әрі - ЖБТ) ұсынатын үйлестіруші қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

            Осы тапсырма шеңберіндегі жұмыс жастар саясатын іске асыру, жастармен жұмыс істейтін институттарды дамыту бойынша жалпы стратегиялық пайымдауды қалыптастыруға және жастармен жұмыс жөніндегі кәсіби кадрларды дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.

            Осы тапсырма шеңберінде мемлекеттік саясатта жоба механизмдерін пайдалану үшін Жастар корпусын дамыту жобасының төрт кезеңін жүзеге асыру процесін зерделеу қажет:

  1. Бағдарламаның әртүрлі компоненттерін Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатында қалай қолдануға болатынын бағалау үшін Жобаның төрт кезеңіндегі процестеріне бағалау жүргізу;
  2. Жоба компоненттері шеңберінде іс-шараларды қолдау үшін қажет болатын ықтимал түзетулер бойынша ұсыныстарды анықтау үшін мемлекеттік жастар саясатының негізіндегі қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базаға шолу жасау.
  3. Нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік қаржыландыру тетіктеріне және мемлекеттік жастар саясатының инфрақұрылымына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

            ЖҰМЫС КӨЛЕМІ

  1. Қазақстандағы жастар саясатының мақсаттарын қысқаша талдау және Жоба мақсаттары мен қызметімен байланысты анықтау.
  2. Жоба шеңберінде 2017-2020 жылдары жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін зерделеу, терең сұхбаттардың, бенефициарлардың, өңірлік өкілдердің, менторлардың фокус-топтық пікірталастарының мәтіндік нұсқаларымен танысу.
  3. Аутрич-әдістерге, ақпараттық-коммуникациялық науқанды өткізуге, тренингтерге, менторлыққа, кіші жобаларды іске асыруға және кері байланыс тетігіне (КБМШТ) қатысты Жоба компоненттерін іске асырудың қаржыландыруға, тетіктерге, жұмсалған уақытқа қатысты тиімділігін бағалау.
  4. Жобаның компоненттерін мемлекеттік жастар саясатына қалай қолдануға болатындығын және оны бейімдей алатындығын анықтау үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен ақпарат жинау.
  5. Жобаның перспективалық элементтерін қазақстандық жастар саясатына бейімдеу мүмкіндігі үшін мемлекеттік жастар саясаты және онымен байланысты салалардағы заңнамаларға, инфрақұрылымға, кадрлық ресурстарға және мемлекеттік қаржылық ағындарға талдау жүргізу.
  6. Мемлекеттік жастар саясатын және онымен байланысты салаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарға талдамалық есеп пен ұсыныстар дайындау;
  7. 3-4 беттен аспайтын аналитикалық есеп және зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша презентация әзірлеу.

 

            ҚР БҒМ критерийлерге сәйкес келетін консультациялық компанияларды (бұдан әрі – Консультанттар) жоғарыда аталған Қызметті көрсету үшін қызығушылық білдіруге шақырады. Қызығушылық білдірген Консультанттар осы Қызметті көрсету үшін қажетті біліктілігі мен сәйкес тәжірибесі бар екендігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс. Консультанттар мынадай критерийлерге сәйкес болуы тиіс:

Ұйымның аналитикалық зерттеулер жүргізу бойынша кем дегенде 3 жыл жұмысының расталған тәжірибесінің болуы (растайтын құжаттарды қоса беру).

Консультанттың сандық және сапалық талдауда, жастар және/немесе әлеуметтік саясат мәселелері бойынша зерттеулерде (мақалалар, есептер), заңнаманы талдауда тәжірибесінің болуы (растайтын құжаттарды қоса беру).

Консультант пен топтың тәжірибесін келесідей нысанда көрсету:

№

Зерттеудің атауы

Іске асырылған мерзімі

Зерттеу объектісі (топ, адамдар саны)

Нәтиже (зерттеу бойынша есептің парақ санын қоса алғанда)

Тапсырыс берушінің мәліметтері (ТАЖ, лауазымы, байланыс телефоны)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Excel, SPSS/STATA бағдарламаларымен жұмыс істеу мүмкіндігі мен дағдылары (бағдарламалардың болуы артықшылық болып табылады).

Консультант тапсырманы орындау үшін топтың біліктілігін растауы керек. Түйіндемені және біліктілікті растайтын құжаттарды (білім туралы диплом, сертификаттар, мақалалар), тапсырманы орындау үшін өз бетінше де, тартылған топтың зерттеу топтарының құрамында жүргізілген зерттеулердің тізімін қоса беру керек.

Консультант тобының құрамына кем дегенде келесідей сарапшылар кіруі керек:

Сарапшы

Біліктілікке қойылатын талаптар

1 жоба жетекшісі

Әлеуметтік зерттеулердің далалық кезеңін үйлестіру тәжірибесі кемінде 5 жыл

1 заңгер

Ұлттық заңнама саласындағы сараптама және мемлекеттік органдардың жауапкершілік салаларын түсіну

Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес

Жастар саясаты саласындағы заңнамамен жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

1 мемлекеттік қаржыландыру бойынша сарапшы

Мемлекеттік қаржыландырудағы сараптама, қандай да бір бағыттарды қаржыландыруға қандай мемлекеттік органдар жауапты екенін білу

Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес

1 әлеуметтанушы-талдаушы

Excel/SPSS/STATA-да жұмыс істеу дағдыларының болуы (бағдарламаның болуы артықшылық болып табылады)

Сапалы зерттеулердің нәтижелерін талдаудағы тәжірибе: терең сұхбат, фокус-топтар

Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес

 

Жобаны іске асыру өңірлерінде бастапқы деректерді жинау үшін әріптестік желінің болуы (заңды және/немесе жеке тұлғалар) артықшылық болып табылады (растайтын құжаттарды қоса беру).

Халықаралық тәжірибенің (халықаралық жобалардағы, оның ішінде Дүниежүзілік банкті қоса алғанда) болуы артықшылық болып табылады (растайтын құжаттарды қоса беру).

Консультанттың біліктілігін растайтын жоғарыда көрсетілген мәліметтер, егер олар бастапқыда өзге тілдерде жасалған болса, консультанттың мөрімен куәландырылған орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс.

 

Қызығушылық білдірген Консультанттардың назары Дүниежүзілік банктің мүдделер жанжалы жөніндегі саясаты баяндалған 2011 жылғы қаңтардағы ХҚБД қарыздары және ХДА кредиттері мен гранттары бойынша Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларымен консультанттарды іріктеу және жалдау бойынша басшылығының 1.9  тармағына аударылуы тиіс.

Қызығушылық білдірген Консультанттар консултанттарға арналған басшылықта көрсетілген консультанттардың біліктілігі бойынша іріктеу (КБІ) тәртібіне сәйкес іріктеледі.

Тапсырма төрт (4) ай ішінде орындалуы керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек:

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, банктегі есепшот туралы банктік анықтама, салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама, қызығушылық білдіру хаты, топтың негізгі мүшелерінің түйіндемесі, білімі туралы құжаттың (құжаттардың) көшірмелері, анықтама(-лар), жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес консультанттың сандық және сапалық талдау, жастар және/немесе әлеуметтік саясат (мақалалар, есептер) бойынша зерттеулер жүргізу, заңнаманы талдау (ұйымның мөрімен куәландырылған форма бойынша), серіктестің болуы тәжірибесін растайтын аналитикалық зерттеулер бөлігі (ұйымның мөрімен куәландырылған формаға сәйкес) Жобаны іске асыру өңірлерінде бастапқы деректер жинауға арналған желілер (заңды және/немесе жеке тұлғалар) (бар болса), халықаралық тәжірибе (бар болса).

Консультанттың біліктілігін растайтын жоғарыда аталған мәліметтер, егер олар бастапқыда басқа тілдерде жасалған болса, консультанттың орыс тіліне сертификатталған аудармасымен бірге ұсынылуы керек.

 

Қызығушылық білдіруге сұранымдар төменде көрсетілген мекен-жай бойынша курьермен немесе электронды поштамен 2020 жылғы 29 желтоқсанға дейін ұсынылуы керек.

            Барлық сұрақтар бойынша Жобаның заңгері, Бейсенов Маратқа  8 (7172) 644-037, +7 775 343 71 77 нөмірлері бойынша  немесе youthcorpsproject@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.

Пошталық мекен-жай: Жобаны басқару жөніндегі топ (ЖБТ)

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,

Сығанақ к. 25, «Аңсар» бизнес орталығы,

10-қабат, 10/1-кеңсе

Электронды пошта: youthcorpsproject@gmail.com

Дата публикации
15 декабря 2020