Қызметті Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
-
-
№ 065/е нысанды профилактикалық екпелердің картасы.
-
«052-2/у» нысандағы «Бала денсаулығы паспорты».
-
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/е нысанындағы анықтама.
-
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (болған жағдайда) электронды көшірмесі.
-
Әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, уәкілетті адамның қолымен және мөрімен (бар болса) расталған анықтаманың электронды көшірмесі (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды).
-
Ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның электронды көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі туралы мәліметтер, МДҰ-ға бірінші кезекте жолдама алуды растайтын мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тартылады.
Резидент еместер үшін:
-
-
Көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі.
-
Баланың туу туралы куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі.
-
№ 065/е нысанындағы профилактикалық егу картасы.
-
«Бала денсаулығы паспорты» «052-2/у» нысандағы анықтама.
-
№ 027/е нысанындағы анықтама.
-
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электронды көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса).