Тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау:
1) Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша рухани (діни) білім беру ұйымдарына түсушілер үшін, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандар үшін – 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша:
- мемлекеттік тапсырыс бойынша оқудың күндізгі нысанына негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 22 тамызы аралығында;
- ақылы негізде 2026 жылдың 25 маусымы мен 27 тамызы аралығында;
- оқудың кешкі және сырттай нысанына - 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 2026 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесіаралығында;
- педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 2026 жылдың 25 маусымы мен 10 тамызы аралығында жүзеге асырылады;
Колледждерге қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығына сәйкес квота қарастырылған.
Мемлекеттік органда қызметті қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
- № 075-у нысаны бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды);
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін 026/у нысаны бойынша ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссияның) қорытындысы;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-у нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
- Арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiгуi (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларын (оның ішінде асырап алған ұлдарын, асырап алған қыздарын, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздарын) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
- Тұлғаны куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты (шетелдіктің (заңды өкіл) Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты, азаматтығы жоқ тұлғаның/пана іздеуші тұлғаның/босқын/ қандас куәлігі,) ұсынады.