Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік даңғылы, 8, 11-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 24, телефоны: 8 (7172)76 90 36.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру болып табылады..
Кәсіпорын қызметінің мақсаты ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу арқылы білім беру мазмұнының сапасын арттыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар: біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы; техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:
1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар мен өтініштерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы 22 мамырдан бастап 2 маусымға дейін.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Анықтама үшін: 8 (7172) 74-18-73
Эл.пошта: g.zhumakhanova@edu.gov.kz