Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 464 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрықтың жобасы заң техникасы тәртібімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру үшін әзірленді.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде жатақханадағы жаңа орындар нақтыланды.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына өтініш нысанын және студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы жаңадан енгізілетін орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты бекіту берілді.
Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.