Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі жоба) әзірледі.
Жоба жекеменшік білім беру ұйымдарындағы 2021-2023 жылдарға арналған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін нақтылайды және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жобаның мәтінімен www.legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады.