Ұлытау облысының білім басқармасының, Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің, Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің математика-физика пәндерінің мұғалімі Шынарбек Ахмарал
Көкшетаудан Ұлытауға: ауыл маған өзімді дамытуға және жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік берді.
Бүгінде ауылға барып еңбек етуді таңдаған жастардың қатары артып келеді. Солардың бірі – математика және физика пәндерінің мұғалімі Шынарбек Ахмарал. Ол 2024 жылы Көкшетау қаласынан Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Ынтымақ ауылына қоныс аударып, Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінде еңбек жолын жалғастыруда.
Жас маманның айтуынша, ауылға келу оның өміріндегі маңызды шешімдердің бірі болған.
“Ауылға келгеніме ешқашан өкінген емеспін. Керісінше, бұл қадам маған өзімді дамытуға, кәсіби тұрғыдан өсуге және жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік берді”, – дейді ол.
Ахмарал 2018-2022 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында білім алып, математика және физика пәндерінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Студент кезінен-ақ ауыл мектебінде жұмыс істеп, балалардың сапалы білім алуына үлес қосуды армандаған.
2024 жылы ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы Ұлытау облысына келіп, Ынтымақ ауылындағы мектепке жұмысқа орналасады. Бағдарлама аясында мемлекет тарапынан қолдау алып, баспаналы болған.
“Жас маман үшін мұндай қолдау өте маңызды. Жаңа ортаға тез бейімделуге және болашаққа сеніммен қарауға көмектеседі”, – дейді мұғалім.
Бүгінде Ахмарал тек сабақ берумен ғана шектелмейді. Ол оқушыларды ғылыми жобаларға, пәндік олимпиадаларға және түрлі білім бәйгелеріне дайындап келеді. Оның шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.
“Мұғалім үшін ең үлкен марапат – оқушысының жетістігі. Балалардың жеңісі мен үшін де үлкен қуаныш”, – дейді ол.
Өзі де кәсіби қызметінде түрлі жетістіктерге қол жеткізген. Аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен іс-шараларға белсенді қатысып, марапаттарға ие болған.
Мұғалімнің тағы бір қыры – спортқа жақындығы. Ол волейбол мен стритболды ерекше жақсы көреді. Мұғалімдер арасында өтетін жарыстарға тұрақты қатысып, аудандық және облыстық турнирлерде жүлделі орындарға ие болған.
“Спорт адамды тәртіпке, жауапкершілікке және мақсатқа жетуге үйретеді. Бұл қасиеттер мұғалімдік қызметте де өте қажет”, – дейді Ахмарал.
Оның айтуынша, ауыл өмірінің өзіндік артықшылықтары көп.
“Қалада мүмкіндік көп деп айтамыз. Бірақ ауылда өзіңді көрсетуге, бастама көтеруге және қоғамға пайдаңды тигізуге мол мүмкіндік бар. Мұнда әрбір жетістік бағаланады, әрбір еңбек еленеді. Ең бастысы – адамдардың шынайылығы мен қолдауы ерекше сезіледі”, – дейді ол.
Қазіргі таңда Ахмарал мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласып, түрлі білім беру жобаларын жүзеге асыруда. Болашақта заманауи технологияларды пайдалана отырып, математика мен физика пәндерін оқытудың жаңа әдістерін енгізуді жоспарлайды.
“Ауыл маған үлкен тәжірибе мен жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Осында келіп, өзімнің дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетті. Егер жастарға кеңес берер болсам, ауылдан қорықпаңыздар дер едім. Ауыл – үлкен жетістіктерге бастайтын орта”, – дейді жас ұстаз.
Бүгінде Ахмарал Шынарбек үшін Ынтымақ ауылы тек жұмыс орны ғана емес, кәсіби дамуына жол ашқан, жаңа мақсаттарға жетелеген туған мекенге айналған.
Жаңаарқа ауданының білім саласы үшін тағы бір айтулы жетістік!
Жаңаарқа ауданы, №1 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Ханатұлы Базарбаев «Педагогикалық идеялар панорамасы–2025» байқауының жеңімпазы атанып, «Мұғалім» номинациясы бойынша іріктеуден сәтті өтті.
Бауыржан Ханатұлы 1–3 қазан аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында өтетін Мұғалімдер мен білім беру қызметкерлерінің съезіне қатысады.
👏 Құрметті Бауыржан Ханатұлы!
Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге халықаралық деңгейдегі маңызды жиында сәттілік, жаңа кәсіби жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
Ауыл мектебі – білім мен тәрбиені қатар алып жүретін, жас ұрпақтың қалыптасуына негіз болатын маңызды орта. Осындай ортада кәсіби жолын жалғастыруды таңдаған педагогтердің бірі – Жумабаев Элдар Улугбекұлы, биология және химия пәндерінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі. Ол Түркістан облысы, Түркістан қаласынан Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Ынтымақ ауылына қоныс аударып, бүгінде Ынтымақ мектебінде еңбек етіп келеді.
Элдар Улугбекұлы жоғары білімін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде алды. 2016–2020 жылдары бакалавриатта білім алып, 2020–2022 жылдары магистратураны тәмамдап, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.
Еңбек жолының бір кезеңінде Түркияның Анталья қаласында бір жыл туризм саласында қызмет атқарып, тәжірибе жинақтады. Кейін кәсіби жолын білім беру саласымен байланыстыруды таңдап, Ынтымақ ауылына қоныс аударды. Осылайша оның ұстаздық жолы Ынтымақ мектебінде биология және химия пәндерінің мұғалімі ретінде жалғасты.
Басты бағыт – қызығушылықты нәтижеге ұштастыру
Ынтымақ мектебіндегі жұмысының негізгі бағыттарының бірі – оқушылардың биология мен химия пәндеріне қызығушылығын арттыру, пәндік білімін тереңдету және ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында теориялық білімді тәжірибемен байланыстыруға, ақпаратты талдауға, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға және өздігінен ізденуге мән беріледі. Пәнге ерекше қызығушылық танытқан оқушылармен қосымша жұмыс жүргізіліп, олимпиадалық дайындық ұйымдастырылады.
Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Ынтымақ мектебінің оқушылары химия пәнінен «IQanat» олимпиадасының республикалық кезеңіне дейін жетіп, республикалық деңгейде білімдерін көрсетті. Ал биология пәнінен Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Олимпиададағы нәтиже – атқарылған жұмыстың бір көрсеткіші ғана. Мен үшін басты мақсат – оқушының пәнге қызығушылығын терең білімге ұштастырып, өздігінен ізденуіне, алдына мақсат қоя білуіне бағыт беру. Ұстаздық қызметте тек білімді оқушы дайындау жеткіліксіз. Білімін орынды пайдалана алатын, жауапкершілікті сезінетін, ойы қалыптасқан саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды», – дейді Элдар Улугбекұлы.
Алдағы мақсат – тұрақты нәтиже мен жүйелі жұмыс
Алдағы кезеңдегі негізгі міндет – Ынтымақ мектебінде қалыптасқан жұмысты жүйелі жалғастырып, биология мен химияға қызығушылық танытатын оқушылардың әлеуетін одан әрі дамыту. Қабілетті оқушыларды ертерек анықтау, олимпиадалық дайындықты жүйелеу және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға басымдық беріледі.
Сонымен қатар оқушыларды тек пәндік олимпиадаларға дайындаумен шектелмей, ғылыми мәселені талдауға, тәжірибе жүргізуге, дәлелді қорытынды жасауға және алған білімін өмірде қолдана білуге бағыттау көзделеді.
Бүгінде Ынтымақ мектебіндегі жұмыстың нақты нәтижелері бар: химиядан – республикалық кезең, биологиядан – облыстық деңгей. Ендігі мақсат – осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, оқушылардың пәндік білімі мен зерттеушілік қабілетін одан әрі дамыту.
Түркістаннан Ұлытауға қоныс аударып, кәсіби жолын Ынтымақ мектебімен байланыстырған Элдар Жумабаев үшін ұстаздық қызметтің негізгі мақсаты – шәкірттің білім нәтижесімен қатар, оның тұлғалық қалыптасуына да бағыт беру. Білімге қызығатын, іздене білетін, өз мақсатын айқындай алатын саналы ұрпақ тәрбиелеу – осы жұмыстың басты бағдары.
2026 жылдың 8 сәуірінде Жаңаарқа аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен «Білім берудегі жасанды интеллект: интеллектуалды көмекшілердің мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді білім беру үдерісіне енгізу жолдарын талқылау болды.
Семинар барысында қатысушылар ашық сабақтарға қатысып, STEM бағытындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, информатика пәнінде қолданылатын түрлі платформалар мен цифрлық құралдардың мүмкіндіктері көрсетіліп, мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, білім берудегі жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдары талқыланды.
Іс-шара аясында интерактивті тапсырмалар, көрмелер және тәжірибелік жұмыстар ұсынылып, семинарға қатысқан педагогтар үшін пайдалы ақпараттар берілді. Мұндай кездесулер мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған іс-шараға белсенді қатысып, тәжірибелерімен бөліскен барлық әріптестерге алғысымызды білдіреміз.
🤖 RoboLand 2026: Болашақ инженерлер мен инноваторлар додасы! 🚀
Жаңаарқа ауданында цифрландыру және технология әлемінің ең ауқымды шарасы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен 2026 жыл — «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануына орай, бізде айтулы оқиға орын алуда.
«Жаңаарқа аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ХІ Халықаралық «RoboLand 2026» фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
🎯 Жарыстың мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, бағдарламалау мен инновациялық технологиялар саласындағы техникалық құрастыру дағдыларын дамыту және жаңа шығармашылық бағыттарды игеруге жәрдемдесу.
⚙️ Байқау бағыттары:
Жарыс робототехниканың келесі 7 түрі бойынша өтуде:
⚽ Минифутбол
🔄 Кегельринг-квадро Х2
🌀 Лабиринт level 1
💰 Теңге алу
🏹 Садақ ату
✨ Шығармашылық
🏗️ Болашақ инженерлері-3D-прототиптеу
Айтулы шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Балабаева Махаббат Ермұханбетқызы мен Аудандық білім бөлімінің бас маманы Кадирбаева Балдырған Серікқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Әділ қазылар алқасы әр санат бойынша үздіктерді анықтап, жас дарындардың еңбегін бағалады.
Болашақ — технология мен білімді жастардың қолында! 💡🇰🇿
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтамалармен, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды.
2026 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ 2026 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Жаңаарқа ауданы аумағында орналасқан Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.
2025 жылдың 1желтоқсан мен 8 желтоқсан аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2025 жылдың 09 желтоқсан күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады; тел: 87056296289
Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына конкурс жарияланғаның хабарлаймыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-bilim/documents/1?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-bilim/documents/details/895256?lang=kk
https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-bilim/documents/details/895245?lang=kk
2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарландыру
«Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Жаңаарқа ауданы, М.Жұмажанов ауылдық округ аумағында орналасқан жобалық қуаттылығы 50 балаға арналған, мектепке дейінгі ұйым тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.
2025 жылдың 15 қыркүйек пен 17 қыркүйек аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2025 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады; тел: 87056296289
«Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» ММ 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Жаңаарқа ауданы аумағында орналасқан Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.
2025 жылдың 21 мамыр мен 23 мамыр аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2025 жылдың 23 мамыр күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, Абай көшесі 37 үй.
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады; тел: 87056296289