Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың қаңтар - желтоқсан айларына инклюзивті білім беру бағыты бойынша атқарылған жұмыстар

Жаңаарқа ауданының білім беру ұйымдарына қарасты 27 білім беретін мектеп бар. Оның 18 мектебінде 87 ерекше білім беруді қажет ететін оқушы және 49 үйден оқитын оқушы және шағын орталықта 2 оқушы бар.
Жаңаарқа ауданында 8 бөбекжай бар. Оның 4 бөбекжайында 34 ерекше білімді қажет ететін бала бар.
• 09.02.2023ж С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасында «Инклюзивті білім беру: Тәжірибе мен мүмкіндіктер» атты семинар-тренинг өтті.
• 16.02.2023ж Жезқазған қаласында Ұлытау облысы білім беру ұйымдарының арасында өткен «Жыл психологы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. «Балдырған» бөбекжайының психологы Ахметжанова А.Ғ. «Мәртебелі психолог» номинациясын иеленді. Ақтүбек ЖББМ педагог-психологы Жакупова Г.Т «Өз ісінің майталманы» номинациясын
• 29.03.2023ж Жаңаарқа ауданының Мәдениет үйінде аудандық «Жұлдызай» фестиваль-байқауы өтті. Байқауға 18 өнерпаз қатысты. Фестивальге қатысатын әрбір баланың ерекше жеке шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, әрі ашуға көмек және қолдау көрсету болды.
Байқаудың шарттары: байқау 2 номинация бойынша өтті
❖ Эстрадалық вокал
❖ Хореография
Байқауға қатысатын өнерпаздардың жас ерекшеліктері:
❖ Кіші топ 10-12 жас аралығы;
❖ Ересек топ 13-15 жас аралығы.
Байқауға 18 өнерпаз қатысты.
«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша: 10-12 жас аралығында:
Бас жүлде- Нұрланұлы Әмірхан (С.Сейфуллин атындағы ЖББМ)
I-орын- Мұрат Айару (Е.Шаханов атындағы ТМ)
II-орын-Каппарова Ақпейіл (С.Сейфуллин атындағы ЖББМ)
III-орын-Аманқан Нұрраян (Ынтымақ ЖББМ)
«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша: 13-15 жас аралығы:
I-орын- Мамыржанұлы Жантөре (Ақтайлақ НМ)
«Хореография» номинациясы бойынша: 10-12 жас аралығы:
Бас жүлде- Бекен Санжар, Мақсұт Мақсат, Серік Рамазан
(С.Сейфуллин атындағы ЖББМ)
«Хореография» номинациясы бойынша 13-15 жас аралығында:
Бас жүлде- Қали Рамина (С.Сейфуллин атындағы ЖББМ)
II-орын:Төлеш Ербол,Сайлаубай Ерасыл(С.Сейфуллин атындағы ЖББМ)
III-орын- Бекен Аружан (С.Сейфуллин атындағы ЖББМ)
Жеңімпаздар Аудандық білім бөлімінің бағалы сыйлықтарымен және дипломдармен марапатталды. Қатысқан оқушыларға сертификаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
• Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында өткен облыстық "Жұлдызай" фестиваль-байқауынан вокал номинациясы бойынша кіші топ 10-12 жас аралығы
1) Нұрланұлы Әмірхан (С.Сейфуллин ат.ЖББМ) 2 орын
2) Мұрат Айару (Е.Шаханов ат.ТМ) 3 орын
3) Қаппарова Ақпейіл (С.Сейфуллин ат.ЖББМ) 3 орын
13-15 жас аралығы ересек топ
Мамыржанұлы Жантөре (Ақтайлақ НМ) 1 орын.
Хореография номинациясы бойынша кіші топ 10-12 жас
Топтық би: Бекен Санжар, Мақсұт Мақсат, Серік Рамазан (С.Сейфуллин ЖББМ) 3 орын
Ересек топ 13-15 жас аралығы
Қали Рамина (С.Сейфуллин ЖББМ) 3 орынға ие болды.
• 2023 жылдың 11 сәуір күні «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық іріктеу кезеңін өткізді. Аудандық кезеңге әр мектептен оқушылар номинация бойынша сайысқа түсіп, кезеңдерден өтті. Аудандық іріктеу кезеңінен «Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы бойынша «Химиялық инженерия» жұмысын қазақ тілде қорғаған О.Жұмабеков атындағы ТМ 9 сынып оқушысы Нүриден Арай, «Дизайнер интерьера» жұмысын орыс тілде қорғаған Б.Амалбеков атындағы ТМ 10 сынып оқушысы Жақанова Айтолқын және «I will choose a profession as a career counselor» жұмысын ағылшын тілінде қорғаған Б.Амалбеков атындағы ТМ 8 сынып оқушысы Қыдырбай Арайлым 1 орындарға ие болса, «Ландшафт» жұмысын қазақ тілде қорғаған Б.Амалбеков атындағы ТМ 10 сынып оқушысы Такаева Дамира 2 орынға ие болды. «Болашақтың мамандығы» номинациясы бойынша «Урбанист-эколог» жұмысын қазақ тілде қорғаған №1 Мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Тайлақ Мөлдір мен «IT-медик» жұмысын орыс тілде қорғаған №1 Мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Муратова Акниет 1 орындарды иеленсе, «Жасанды интелект-медицина саласында» жұмысын қазақ тілде қорғаған О.Жұмабеков атындағы ТМ 8 сынып оқушысы Бауыржан Батыржан 2 орынға ие болды. «Менің кәсібім-менің бизнесім» номинациясы бойынша «Мал шаруашылығын дамыту» жұмысын қазақ тілде қорғаған А.Сейдімбек атындағы ЖББМ 9 сынып оқушысы Қапбас Айбат пен «Теплица» жұмысын орыс тілде қорғаған Атасу ЖББМ 9 сынып оқушысы Төрехан Аяулым 1 орындарға ие болса, «Мыловарение» жұмысын орыс тілде қорғаған А.Сейдімбек атындағы ЖББМ 9 сынып оқушысы Қалу Аягөз бен «Ат әбзелдері» жұмысын қазақ тілінде қорғаған Атасу ЖББМ 10 сынып оқушысы Атымтай Әлібек 2 орындарға ие болды. «Мамандық тұлғасы» бейнеролик байқауында «Дәрігер УДЗ» жұмысын қазақ тілде қорғаған С.Сейфуллин ЖББМ 9 сынып оқушысы Дүйсенбек Ғалымжан мен «Профессия преподаватель географии» жұмысын орыс тілде қорғаған Е.Шаханов атындағы ТМ 9 сынып оқушысы Тоғайбек Бекарыс 1 орындарды иеленді, ал «Дәрігер» жұмысын қазақ тілде қорғаған Е.Шаханов атындағы ТМ 9 сынып оқушысы Сенбай Сабина мен «Машинист тепловоза» жұмысын орыс тілде қорғаған С.Сейфуллин атындағы ЖББМ 7 сынып оқушысы Мукашев Аслан 2 орындарға ие болды. Облыстық кезеңге 1 орындарға ие болған 9 оқушының жұмысы номинация бойынша іріктеліп, жолданды.
• 20.04.2023 ж №1 Мектеп-лицейінде «Тең мүмкіндіктер әлемі» жобасы аясында «Бочча» паралимпиадалық спорт түрінен аудандық турнир өтті. Жарыстың негізгі мақсаты мен міндеттері:
1.Ерекше білімді қажет ететін балаларарасында "Бочча" паралимпиядалық спорт түрін танымал ету және дамыту;
2.Ерекеше білімді қажет ететін балаларпроблемаларына мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың назарын аудару;
3.Ерекеше білімді қажет ететін балаларды дене шынықтыруға және спорт құралдарымен әлеуметтік бейімдеу;
4. Ерекеше білімді қажет ететін балаларарасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнирге барлығы 40 оқушы қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр жас санатында бөлек анықталды:
В2 санаты бойынша:
1орын Нұрбекқызы Ж.
2орын Сағындық М.
3орын Құрманәлі Н.
ВС5 санаты бойынша:
1орын Жасұланұлы М.
2орын Болатов Ұ.
3орын Базарбай А, Қаутай Д.
ВС6 санаты бойынша (8-10 жасы)
1орын Нұрланұлы Ә.
2орын Бекмұрат Н.
3орын Асыланұлы А, Ермекбай Ф.
ВС6 (сл) санаты бойынша (11-13 жасы)
1орын Қали Р.
2орын Исатаева А.
3орын Бейсен А, Шалхарбай Н.
ВС7 санаты бойынша (8-10 жасы)
1орын Бекен С, Сәулет Н.
2орын Көпберген С, Демесинова К.
3орын Амангелді Б.
ВС7 санаты бойынша (8-10жасы)
1орын Серікбай Д.
2орын Рахат Ж.
3орын Камешев А, Шахизада І.
​ВС7 санаты бойынша(11-13жасы)
1орын Сәулет Е.
2орын Түсіп Н.
3орын Мақсұт М, Беженарь В.
ВС7 санаты бойынша(11-13жасы)
1орын Төлеш Е.
2орын Амангелді Р.
3орын Сайлаубай Е, Құрақбай Д.
ВС7 санаты бойынша:(14-15жасы)
1орын Сериков А.
2орын Нұржан Е.
3орын Ибрагим Д, Бірназар А.
ВС7 санаты бойынша:(14-15жасы)
1орын Демесинов Т.
2орын Беженарь А.
3орын Отыншы Ә, Жүмкен Ә.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.К.Окасова турнирді қорытындылап, жарыс жеңімпаздарын аудандық білім бөлімі тағайындаған мақтау грамоталары және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
• 30.05.2023 ж "1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні" мерекесіне арналған ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында "Әлем менің көзіммен" атты сурет байқауы өтті. Байқауға білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының және түзету кабинетінің ерекше білім беруді қажет ететін оқушылары қатысты. Қатысқан оқушылар саны - 30. Оқушылар берілген тақырып аясында сурет салып, қабілеттерін көрсетті. Байқау соңында оқушыларға білім бөлімінің мадақтамасы мен сыйлықтары табыс етілді.
• 21.09.2023 ж. Жезқазған қаласында ЕББҚЕБ мен мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған "Арман асулары" республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы ЖББМ оқушылары фестивальдің "Хореография" және "Қолөнер" бағыттары бойынша сайысқа түсті. Фестиваль қорытындысы бойынша Нұрбекқызы Жауқазын 1-орынмен ("Қолөнер"), Қали Рамина 2 орынмен ("Хореография"), Сағындық Мәдина алғыс хатпен ("Қолөнер") марапатталды. Сонымен қатар, осы оқушылардың әрқайсысы 20000 тг сертификатына ие болды. Нұрбекқызы Ж. мен Қали Р. республикаға жолдама алды.
• 28.11.2023 ж. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» залында ерекше қажеттіліктері бар дарынды балалар мен жастарға арналған «АРМАН АСУЛАРЫ» ІІ республикалық фестивалінің Гала-концерті өтті. Гала-концертте фестивальге қатысушылар Айжан Нұрмағамбетова, Салтанат Ахметова, Нұрболат Арзамас, Перизат Тұрарова, Бауыржан Бекмұханбетов, Азат Малик, Ербол Нариманұлы, Раим Уайс, Әлихан Дүйсенбай, Гүлнәр Көшенова, Әділхан Макин және «Меломен» тобы сынды танымал әртістерімен бірге өнер көрсетті. Фестивальдің арнайы қонақтары - Алтыншаш Мұқатаева және Айбын Жұмабеков.Сонымен қатар белгілі режиссер әрі сценарист, «St.Art» әлеуметтік-мәдени қорының жетекшісі Станислав Цих және "Жұлдызай" халықаралық фестивалінің жетекшісі Алмагүл Сәлімбаева фестивальге қатысушылар мен қонақтарға арнайы шеберлік сабағын өткізді. Фестивальге қатысушылар - еліміздің түкпір-түкпірінен келді. Аталмыш Гала-концертке Республикалық іріктеу кезеңінен өткен Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы ЖББМ 5 сынып оқушысы Нұрбекқызы Жауқазын қолөнер бағыты бойынша қатысып, шеберлік сағатын көрсетті. Оқушыға білім бөлімінің әдіскері Оқасова Айгерім Құралтайқызы және білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы ЖББМ педагог-психологы Туткушева Дүрия Сериковна жетекшілік жасады. Фестивальге ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, "Көлсай-строй" ЖШС, "Mumtaz" мейрамханалар желісі қолдау көрсетіп, барлық қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жетекшілері Оқу -ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
• 06.12.2023 жылы Жаңаарқа ауданының білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде аудандық білім бөлімі мен мектептің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарының ұйымдастыруымен “Интеграциядан инклюзияға: инклюзивті мәдениетті қалай құруға болады?” тақырыбында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша аудандық семинар өтті. Семинарға 18 мектептен арнайы мамандар, педагог-психологтар қатысты. Семинарды мектеп директоры Р.Серікбайұлы ашты. Әріптестермен өзекті мәселелер, кәсіби қызметтің күрделілігі талқыланды. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдау бойынша, С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандары семинар барысында әріптестермен тәжірибе алмасты. Бірнеше ойын-тренингтер жүргізілді. Семинар соңында әріптестер сабақтардан алған әсерлерімен бөлісті және сабақ өткізген ұстаздарға алғысын білдірді. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Окасова қорытындылап, осындай мағыналы, өзекті тақырыптарды қамтитын семинарлар, дөңгелек үстел, жиындар жалғасын таба берсін деген тілек білдірді.
• 15.12.2023 ж. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы «Ер Төстік» бөбекжайы КМҚК семинар практикум өтті. Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық дамуы».
• 25.12.2023 ж. Жаңаарқа білім бөліміне қарасты Е.Шаханов атындағы ТМ «Ерекше білімді қажет ететін балаларды қоғамға бейімдеу және оқу процесінде өз қабілеттерін дамыту, жетістікке жету мүмкіндіктеріне мектепке жағдай жасау» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
Дата публикации
16 января 2024
Дата обновления
13 апреля 2026
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

14 апреля 2026
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
13 апреля 2026
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің ББЖМ дайындық шеңберінде 4 және 9 сынып оқушыларының білім сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
13 апреля 2026
Тегін тамақпен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы