Хабарландыру
Теміртау қаласының білім бөлімі 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардан шыққан балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету, білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Барша тұрғындарды, кәсіпкерлерді және ұйым өкілдерін акцияға белсенді қатысуға, көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсетуге шақырамыз.
Сіздер мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім және басқа да қажетті заттармен көмек көрсете аласыздар.
Акцияға қатысу мәселелері бойынша Теміртау қаласының білім бөліміне мына телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (7213) 98-49-63 немесе мекенжайы: Теміртау қ., Абая көшесі, 11/1-үйі немесе тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша жалпы білім беру мектебіне тікелей хабарласуға болады.