ХАБАРЛАМА «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ (100401, Теміртау қ. Абай к/сі, 11/1, тел. 985482, сайт www.gov.kz/memleket/entities/edu/, БИН 150440011752, БИК KKMFKZ2A ИИК KZ85070102KSN3001000 РГУ (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті) Қарағанды облысына жататын Теміртау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі-бұйрық) өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсетуші болып табылатын жеке мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды білім беру органдарының g_otdel@mail.ru электрондық поштасына электронды форматта жібереді. Құжаттарды электронды форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды мектепке дейінгі ұйым Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ, 101401, Теміртау қ., Абай көшесі, 11/1, 206 каб. мекенжайы бойынша жүргізеді, телефон 985482, 984963. Қосымша ақпаратты және анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады: 8-7213-98-49-63 Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ (100401, Теміртау қаласы, Абай көшесі 11/1, тел.985482, сайт www.gov.kz/memleket/entities/edu/, БИН 150440011752, БИК KKMFKZ2A ИИК KZ85070102KSN3001000 РГУ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті») Қарағанды облысына жататын Теміртау қаласының аумағында балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі-бұйрық) өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген қосымша білім беру ұйымдары қызметінің нормалары мен қағидалары сақталған кезде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша өтінім берген, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының өнім берушілері болып табылатын мемлекеттік білім беру тапсырысының ұйымдары жіберіледі.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін ұйымдар мынадай құжаттарды ұсынады (67-тармағының 4-тарауына сәйкес Жергілікті атқарушы органдардың балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру»):
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға құрмайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, ұйым жарғысының көшірмесі (Ереже, құрылтай шарты);
3) ұйым пайдаланатын ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
5) тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері;
6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
7) ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) (Жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
9) ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезінде эвакуациялау жоспарының сызбасы.
Балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды электрондық поштаға жібереді g_otdel@mail.ru білім беруді басқару органдары электрондық форматта. Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда, аталған құжаттарды ұйым білім беруді басқару органдарына қағаз форматта мына мекенжай бойынша жібереді: 101401, Теміртау қ., Абай к-сі, 11/1 үй, телефон 985482, 984963, №308 кабинет. Қосымша ақпарат пен анықтамаларды Қарағанды облысы білім басқармасының "Теміртау қаласының білім бөлімі" ММ 8 7213-98-49-63 телефоны бойынша алуға болады.