ХАБАРЛАМА «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ (100401, Теміртау қ. Абай к/сі, 11/1, тел. 985482, сайт www.gov.kz/memleket/entities/edu/, БИН 150440011752, БИК KKMFKZ2A ИИК KZ85070102KSN3001000 РГУ (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті) Қарағанды облысына жататын Теміртау қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда 2025 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.
Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес (бұдан әрі-бұйрық) өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтай отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсетуші болып табылатын жеке мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі. Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды білім беру органдарының g_otdel@mail.ru электрондық поштасына электронды форматта жібереді. Құжаттарды электронды форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды мектепке дейінгі ұйым Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ, 101401, Теміртау қ., Абай көшесі, 11/1, 206 каб. мекенжайы бойынша жүргізеді, телефон 985482, 984963. Қосымша ақпаратты және анықтамаларды мына телефон арқылы алуға болады: 8-7213-98-49-63 Қарағанды облысының білім басқармасының «Теміртау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.