Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17948 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.07.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.05.2021 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) "Орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12788 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 76 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14956 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
____________________
2018 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________
2018 жылғы "____" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________
2018 жылғы "____" __________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.12.2023 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
2) конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге ұсынатын және конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін қамтитын құжаттар;
3) конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):
мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында – орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, орта білім беру ұйымы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы не білім беруді басқару органы не орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;
мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы бухгалтерлік есепті дербес жүргізбеген жағдайда, мектепке дейінгі ұйым, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы немесе білім беруді басқару органы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша орган;
4) Қазақстан Республикасының резиденттері – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегінен тыс жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтары;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде орналасқан олардың филиалдары мен өкілдіктері;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкілдіктері;
5) қаржы жылы – ағымдағы жылғы 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын уақыт аралығы;
6) көрсетілетін қызмет көрсетушіні таңдау өлшемшарттары – әлеуетті өнім берушінің қызмет көрсетуі бойынша мүмкіндіктері мен жағдайларын бағалау негізінде жүргізілетін белгілер;
7) құжаттың электронды көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" заңда (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң) айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;
10) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі;
11) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
12) орта білім беру ұйымы – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
13) отандық қызмет көрсетушілерді, тауар өндірушілерді қолдау –Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 17-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар;
14) өнім беруші – қызмет көрсету немесе тауарларды жеткізу туралы шарт жасасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);
15) сатып алудың сәйкестендіру коды – сатып алудың барлық кезеңдері туралы ақпарат қамтылған, әрбір сатып алуға (лотқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;
16) электрондық әмиян – конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуге байланысты есептік операцияларды жүзеге асыруға арналған, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотында орналастырылатын, әлеуетті өнім берушінің жеке шоты.
2-тарау. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібі
1) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу арқылы жүзеге асырылады;
2) мектеп асханасының жабдығы болмаған және/немесе тозған жағдайда жаңа жабдыққа ауыстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға және осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады;
3) мектеп асханасында жабдықтар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін тиісті жағдайлар болған кезде –жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушісі, аспаз, ас үй қызметкері лауазымдары енгізген кезде конкурстық негізде білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша тауарларды сатып алу;
4) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды конкурстық негізде сатып алу жолымен жүзеге асырылады.
1-параграф. Конкурстық негізде білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу
1) егер конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өзі болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту – конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын веб-портал арқылы жіберуі;
2) конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;
3) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасының мәтінін веб-порталда орналастыру;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;
7) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;
8) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
9) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;
10) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші,үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
11) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.
Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталға орналастырады.
Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады.
Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын, конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты органның немесе ұйымның лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.
1) конкурстық құжаттаманы қалыптастырады және веб-порталға орналастырады;
2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;
3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесі, тауарларды жеткізушіні таңдау кезінде - Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.
Қызмет берушіні таңдау кезінде білім беру органы бекіткен техникалық тапсырмаға өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманың жобасына:
"Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына,"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген), "Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес келетін тағамдардың атауын, тағам порциясының граммен, тағам ингредиенттерімен (граммен) массасын, бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық тарату-мәзірі;
бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, тапсырыс беруші бекіткен тағамдардың, буфет өнімдерінің, оның ішінде шырындардың, сусындардың және басқаларының ассортименттік тізбесі;
перспективалық тарату-мәзіріне және буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесіне сәйкес тағамдардың технологиялық карталары қоса беріледі.
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін конкурсқа қатысуға өтінім;
4) төмендегі есеппен бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер:
150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;
151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;
351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;
651-ден 1300-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 2 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;
1301-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;
2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында –кемінде 4 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін;
5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Қызмет көрсету туралы үлгілік шарт және 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.
Егер тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы білім беру ұйымы болып табылған жағдайда, конкурс лоттарға бөлінбей өткізіледі (1 білім беру ұйымы – 1 өнім беруші).
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың жобасы бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасын орналастырады.
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға веб-портал арқылы жіберуі мүмкін.
Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде болмаған кезде, конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, конкурстық құжаттаманың жобасына берілген ескертпелерді қабылдамайды;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің сұрауларына не ескертулеріне жауап ретінде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және өзгертілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда бекіту туралы шешімді осы Қағидалардың 27-тармағымен белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
Конкурстық құжаттаманың алдын ала талқылау хаттамасы жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) орналастырылады.
Бұл ретте өтінімдерді қабылдау алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен кейін келесі жұмыс күні (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап) жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында конкурстық құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.
Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы қол қояды.
Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің толық негіздемесі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулары келіп түскен кезде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын біліктілік талаптары жобасының, техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;
2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;
3) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысса не өткізілетін конкурстарда тапсырыс берушінің немесе конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі), "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 599 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17766 болып тіркелген) бекітілген Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің тізбесінде (бұдан әрі – Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесі) тұрған заңды тұлғаларды басқарумен, құрумен, олардың жарғылық капиталына қатысумен байланысты болса;
5) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
7) әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесінде тұрса;
8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;
9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі болса;
10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
11) әлеуетті өнім берушінің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) олардың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе;
13) банкроттық не тарату рәсіміне жатса.
1) қолданыс мерзімін көрсете отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдерінде жасалған конкурсқа қатысуға арналған өтінімі;
2) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша немесе қызметтерді немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшеріндегі электрондық банк кепілдігі түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
Қызмет берушіні таңдау кезінде техникалық тапсырмаға өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға конкурсты ұйымдастырушының перспективалық тарату-мәзірі, тағамдардың, буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі, тағамдардың технологиялық карталары қоса беріледі.
4) төмендегі есеппен бар екендігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер:
150-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы;
151-ден 350-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 2 ас үй жұмысшысы;
351-дан 650-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 1 аспаз, 3 ас үй жұмысшысы;
651-ден 1300-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 2 аспаз, 4 ас үй жұмысшысы;
1301-ден 2500-ге дейін білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 3 аспаз, 5 ас үй жұмысшысы;
2501 және одан да көп білім алушысы бар білім беру ұйымдарында – кемінде 4 аспаз, 7 ас үй жұмысшысының болуы туралы растайтын құжаттардың көшірмелерін.
Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілді ақшалай жарна конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім ретінде қарайды.
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды, конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) өлшемшарттарды қолданады және есептейді;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін айта алады, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі жазылған құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
1) осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы;
2) бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
3) конкурстық комиссияның өлшемшарттарды қолдануы;
4) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орындарды иеленген әлеуетті өнім берушіні анықтау туралы ақпаратты қамтиды.
1) электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
2) конкурстық комиссияға анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмегенде:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурсқа қатысу үшін конкурстың атауы мен нөмірі;
электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны;
3) конкурстық қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа(лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізгенде.
1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда аталған әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алғанда;
2) конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қойылғанда және оның шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгенде.
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шартты орындалуын қамтамасыз етуді енгізіп және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шартты орындалуын қамтамасыз етуді енгізген және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.
Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және осы Қағидалардың нормаларына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
Жұмыс тәжірибесі бойынша балдар саны тең болған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
1) ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;
3) егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда конкурсты өткізілмеді деп таниды.
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасаған кезде, конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады.
Әлеуетті өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, шарт конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге алдыңғы конкурста екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушімен жасалады.
Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған, шарт жасасудан бас тартқан немесе алдыңғы конкурста кезектілік тәртібімен екінші, үшінші, төртінші және тағы басқа орын алған әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс беруші тамақтандыруды ұйымдастыру немесе біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл қызмет көрсету, тауар жеткізу бойынша тәжірибесі бар тауарларды жеткізу жөнінде қызметтер көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте мұндай сатып алу конкурсты өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде осындай көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Конкурс қорытындысына, уәкілетті органның шешіміне шағым жасалған жағдайда шарт шағым жасау кезеңіне ұзартылады.
Ұйымдастырушы өнім берушіні тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
Әлеуетті өнім беруші келіскен жағдайда, осы әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күн ішінде веб-портал арқылы тапсырыс берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қатысу туралы растау жібереді.
Тапсырыс беруші қатысу туралы растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
Әлеуетті өнім беруші шарттың жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
1) егер ол мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса:
конкурстық құжаттамаға біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбаса, сол сияқты мәліметтерді толық ұсынбаса;
әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
техникалық тапсырманы ұсынбаса;
әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық тапсырманы ұсынса, сол сияқты техникалық тапсырмамен талап етілетін құжаттарды ұсынбаса;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама жобасына осы Қағидалардың 28-тармағында айқындалған тәртіппен ескертулер берілмеген конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде оларда көрсетілген біліктілік талаптарына жасаған шағымдары қаралуға жатпайды.
Конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады. Конкурсқа қатыспаған тұлғалармен шағым жасаған кезде шарт жасасу мерзімі тоқтатылмайды.
Шағымға оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса беріледі.
1) шағым осы Қағидалардың 76-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмесе;
2) шағымға қол қойылмаса не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.
Қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін қызметтерге (1 білім алушыға арналған тамақтану) және (немесе) тауарларға орташа баға шегінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа конкурстық рәсімдер өткізілместен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта конкурс өткізуді жүзеге асырады.
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) банктік кепілдік.
Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Шартты ұзарту кезінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына енгізеді.
Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
Тауарларды жеткізу кезінде шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізу;
2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдау-тапсыру актісін ресімдеуі;
3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына (бұдан әрі – Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі.
Қызметтерді көрсету кезінде шартты орындау мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) көрсетілген қызметтер актісін веб-портал арқылы ресімдеу;
2) көрсетілген қызметтерді тапсыру және қабылдау;
3) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
4) тапсырыс берушінің көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуі.
2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңға сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу
3-параграф. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету
Орта білім беру ұйымдары білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша интернет-ресурстағы "Мектептік тамақтандыру" айдарында күнделікті ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді (тағамдардың фотосуреттері, бағалары қоса берілген күнделікті мәзір).
Перспективалық мәзір "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген), "Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) бұйрықтарына және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, тамақтану объектісінің түрін, үй-жайлардың жиынтығы және тоңазытқыш және технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды, сондай-ақ өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ұлттық дәстүрлері мен ассортиментін, дұрыс тамақтану рационын қалыптастыруды ескере отырып, тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес әзірленеді.
Тағамдарды, буфет өнімдерін, сусындарды, шөлмектегі суды өткізу конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақты ішу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
3-тарау. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі
1) тауарларды сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту, егер конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс берушінің өзі болмаған жағдайда – конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс берушінің веб-портал арқылы тауарларды сатып алудың жылдық жоспарының (тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарының) тармақтарын жіберуі;
2) конкурстық комиссияның құрамын қалыптастыру және бекіту, конкурсты ұйымдастырушы өткізген жағдайда, конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің қызметкерлерін енгізу міндетті емес;
3) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
4) өнім берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың жобасының мәтінін веб-порталда орналастыру;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді электрондық құжат нысанында ұсынуы және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеуі;
7) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда орналастыру;
8) конкурстық комиссияның веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
9) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушылар деп тану;
10) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру;
11) конкурс қорытындылары туралы хаттама негізінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының жеңімпазбен шарт жасасуы.
Тамақтану шығындарының 100 пайызы ата-анасынан немесе заңды өкілдерінен алынатын мектепке дейінгі ұйымдарда тауарларды сатып алу жоспары қаржы жылының желтоқсан айында бекітіледі.
Тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
Тапсырыс беруші немесе, егер тапсырыс беруші мен конкурсты ұйымдастырушы бір тұлға болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды веб-порталда орналастырады.
Конкурстық комиссияның мүшелері өтінімдерді қарайды және комиссияның жоқ мүшелерін ауыстырусыз дауыс беруге қатысады.
Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының кандидатурасы қайта бекітіледі. Бұл ретте, конкурстық комиссияның төрағасы болып бірінші басшының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам, ал ол болмаған жағдайда бірінші басшы айқындалады.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушы болып табылатын, конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты органның немесе ұйымның лауазымды адамдарының арасынан айқындалады.
1) конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және веб-порталға орналастырады;
2) веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ олар болған жағдайда басқа да құжаттарды орналастырады;
3) осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.
1) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау бойынша конкурстық құжаттаманың жобасына техникалық тапсырма;
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғалар және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға өтінім;
4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер;
5) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары;
6) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу туралы үлгілік шарт.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, сондай-ақ лоттарға бөлінген жағдайда конкурс жеңімпазын айқындау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
1) конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырған күннен кейін мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;
2) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
3) материалдық және еңбек ресурстарының болуы.
Әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға веб-портал арқылы жіберу мүмкін.
Конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар конкурсты өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде болмаған кезде, конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған жағдайда, конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) негіздемелері мен себептерін көрсете отырып, конкурстық құжаттаманың жобасына берілген ескертпелерді қабылдамайды;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілердің сұрауларына не ескертулеріне жауап ретінде конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және өзгертілген конкурстық құжаттаманы веб-порталда бекіту туралы шешімді осы Қағидалардың 27-тармағымен белгіленген тәртіппен қабылдайды.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап конкурстық құжаттама бекітілген болып есептеледі.
Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын орналастырады.
Конкурстық құжаттаманың алдын ала талқылау хаттамасы жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін) орналастырылады.
Бұл ретте өтінімдерді қабылдау алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен кейін келесі жұмыс күні (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап) жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасымен бірге конкурстық құжаттаманың жобасын алған әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, конкурстық құжаттаманың бекітілген мәтінін орналастырады.
Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында конкурстық құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер және олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылады.
Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасына конкурстық комиссияның төрағасы қол қояды.
Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау туралы шешім қабылданған жағдайда, оларды қабылдамау себептерінің толық негіздемесі конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Әлеуетті өнім берушілердің осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулары келіп түскен кезде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын біліктілік талаптары жобасының, техникалық ерекшеліктің және шарт жобасының ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі
1) әлеуетті өнім беруші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім берген болса;
2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түссе;
3) осы әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдауға қатысса не өткізілетін конкурстарда тапсырыс берушінің немесе конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;
4) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, Жосықсыз өнім берушілер (әлеуетті өнім берушілер) тізбесінде тұрған заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, жарғылық капиталына қатысуға байланысты болса;
5) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің басшысы Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылса;
6) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушінің басшысы болып табылса;
7) әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде, Жосықсыз өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесінде тұрса;
8) әлеуетті өнім берушінің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;
9) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі болса;
10) әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса;
11) әлеуетті өнім берушінің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;
12) әлеуетті өнім беруші және (немесе) олардың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілсе;
13) банкроттық не тарату рәсіміне жатса.
1) қолданыс мерзімін көрсете отырып, Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қазақ және орыс тілдерінде жасалған конкурсқа қатысуға арналған өтінімі;
2) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша немесе тауарларды сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма;
4) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер.
Әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушының банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, ол кепілді ақшалай жарнаны растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады. Бұл ретте кепілді ақшалай жарна конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттамада көрсетілген банктік шотқа енгізіледі.
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында қажетті ақпаратты сұратады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім ретінде қарайды.
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды, конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) өлшемшарттарды қолданады және есептейді;
3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін айта алады, ол құжаттың электрондық көшірмесі нысанында веб-порталда орналастырылады.
Конкурстық комиссияның тиісті хаттамаларында конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебі жазылған құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
1) осы Қағидалардың 159-тармағына сәйкес конкурстық комиссияның сауалдары туралы;
2) бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы;
3) конкурстық комиссияның өлшемшарттарды қолдануы туралы ақпаратты қамтиды.
4) конкурс жеңімпазын, сондай-ақ екінші,үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушіні анықтау және сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы веб-порталда орналастыру.
1) электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болғанда;
2) конкурстық комиссияға анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмегенде:
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
электрондық банктік кепілдік түрінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурсқа қатысу үшін конкурстың атауы мен нөмірі;
электрондық банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасын;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны;
3) конкурстық қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа(лотқа) бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізгенде.
1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда аталған әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алғанда;
2) конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қойылғанда және оның шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгенде.
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шартты орындалуын қамтамасыз етуді енгізіп және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Электрондық әмиян арқылы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бірыңғай оператор бұғаттайды және мынадай:
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шартты орындалуын қамтамасыз етуді енгізген және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
Мұндай жағдайларда конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы тармақта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.
Барынша көп балл жинаған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.
Егер конкурсқа конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес және осы Қағидалардың нормаларына сай келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысса, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.
Жұмыс тәжірибесі бойынша баллдар саны тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
1) ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген;
3) егер аталған өнім беруші конкурсқа жалғыз қатысып, конкурс жеңімпазы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда конкурсты өткізілмеді деп таниды.
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасаған кезде, конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады.
Әлеуетті өнім беруші шартты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.
Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, шарт конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге алдыңғы конкурста екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушімен жасалады.
Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған, шарт жасасудан бас тартқан немесе алдыңғы конкурста кезектілік тәртібімен екінші, үшінші, төртінші және тағы басқа орын алған әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл тауар жеткізу бойынша тәжірибесі бар тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте мұндай сатып алу конкурсты өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде осындай тауарларды сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
Конкурс қорытындысына, уәкілетті органның шешіміне шағым жасалған жағдайда шарт шағым жасау кезеңіне ұзартылады.
Ұйымдастырушы өнім берушіні тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті өнім берушіге шақыру жібереді.
Әлеуетті өнім беруші келіскен жағдайда, осы әлеуетті өнім беруші күнтізбелік бес күн ішінде веб-портал арқылы тапсырыс берушіге Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесі туралы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, қатысу туралы растау жібереді.
Тапсырыс беруші қатысу туралы растауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді.
Әлеуетті өнім беруші шарттың жобасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың жобасын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
1) егер ол мынадай негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса:
конкурстық құжаттамаға біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбаса, сол сияқты мәліметтерді толық ұсынбаса;
әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетілген шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
техникалық тапсырманы ұсынбаса;
әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық тапсырманы ұсынса, сол сияқты техникалық тапсырмамен талап етілетін құжаттарды ұсынбаса;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсынбаса;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дұрыс емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады. Конкурсқа қатыспаған тұлғалармен шағым жасаған кезде шарт жасасу мерзімі тоқтатылмайды.
Шағымға оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса беріледі.
1) шағым осы Қағидалардың 184-тармағында белгіленген нормаларға сәйкес келмесе;
2) шағымға қол қойылмаса не оған қол қоюға өкілеттігі жоқ тұлға қол қойса.
Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған тауарларды сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.
Тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталындағы тауарлардың орташа бағасы шегінде жүзеге асырылады.
Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық рәсімдер өткізілмей енгізіледі.
Бұл ретте тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге шартты бұзуға ниеттілігі туралы хабарлама жібереді. Егер өнім беруші хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбесе, тапсырыс беруші шартты бұзу туралы хабарлама жібереді.
Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде тапсырыс беруші қол қойған шартқа қол қоймаса, тапсырыс беруші қайта конкурс өткізуді жүзеге асырады.
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарна;
2) банктік кепілдік.
Тапсырыс беруші өнім берушіге шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Шартты ұзарту кезінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші шартты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына енгізеді.
Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.
Тауарларды жеткізу кезінде шартты орындау мынадай ретпен жүзеге асырылады:
1) жүкқұжаттың түпнұсқасын ұсына отырып, тауарды межелі жерге жеткізуі;
2) өнім берушінің тауарды жеткізу фактісін растайтын жүкқұжаттың электрондық көшірмесін тіркей отырып, веб-портал арқылы тауарды қабылдау-тапсыру актісін ресімдеуі;
3) тапсырыс берушінің тауарды қабылдауы;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларына (бұдан әрі – Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;
5) тапсырыс берушінің жеткізілген тауар үшін ақы төлеуі.
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
нысан |
|
|
Бекітемін: |
_________ жылға арналған көрсетілген қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары
Тапсырыс берушінің атауы (қазақ тілінде) ________
Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде) ________
Жалпы мәліметтер
|
Тапсырыс берушінің БСН |
Мемлекеттік мекемелер үшін |
Тапсырыс берушінің атауы |
Қаржы жылы |
|
|
ММ коды |
Бюджеттің түрі |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
Көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды сатып алу жоспары
|
№ |
Жоспар тармағының түрі |
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі |
Бағдарлама |
Кіші бағдарлама ** |
Ерекшелік* |
Қаржыландыру көзі |
Сатып алу мәнінің түрі |
|||||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды |
Сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы |
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) |
Сатып алу тәсілі |
Өлшем бірлігі |
Саны, көлемі |
Бір бірлігі үшін баға, теңге |
Сатып алудың бекітілген сомасы, теңге |
|||||||
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
|||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай) |
Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде) |
Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде) |
ӘАОС |
Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде) |
Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде) |
Аванстық төлемнің мөлшері, % |
Өнім берушінің белгісі |
|
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы мәліметтер:
1) "Тапсырыс берушінің БСН" деген жолақта – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі мәндегі код);
2) "ММ коды" деген жолақта – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін мемлекеттік мекеменің коды (жеті мәндегі код) көрсетіледі;
3) "Бюджеттің түрі" деген жолақта – оның қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджеттің түрін білдіретін мән көрсетіледі (республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық бюджет, облыстық маңызы бар қала бюджеті);
4) "Тапсырыс берушінің атауы" деген жолақта – ұйымның толық атауы көрсетіледі;
5) "Қаржы жылы" деген жолақта – көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары жасалатын қаржы жылы көрсетіледі.
_____жылға арналған көрсетілген қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспары
1) "№" деген жолақта – веб-портал айқындайтын мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) "Жоспар тармағының түрі" деген жолақта – жоспар тармағы түрлерінің мынадай мәндерінің бірі көрсетіледі:
Қаржы жылынан асып кетпейтін сатып алу;
Қаржы жылынан асып кететін сатып алу;
Шартты үнемдеу есебінен сатып алу;
3) "Әкімшінің коды" деген жолақта – бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган беретін Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды көрсетіледі;
4) "Бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік бағдарламасының коды көрсетіледі;
5) "Кіші бағдарлама" деген жолақта – оның шеңберінде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды функционалдық жіктеудің бюджеттік кіші бағдарламасының коды көрсетіледі;
6) "Ерекшелік" деген жолақта – оның шеңберінде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жүзеге асырылатын шығыстарды экономикалық жіктеудің ерекшелігі коды көрсетіледі;
7) "Қаржыландыру көзі" деген жолақта – түскен көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу қаржыландыру көзін көрсету қажет
мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен;
демеушілік және қайырымдылық көмек қаражаты есебінен;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер есебінен;
8) "Сатып алу мәнінің түрі" деген жолақта – қызметтерді және (немесе) тауарларды (тауар, көрсетілетін қызмет) сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі;
9) "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолақта – тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауардың, көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі;
10) "Сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақта – "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы көрсетіледі;
11) "Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы)" деген жолақта – "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) көрсетіледі;
12) "Сатып алу тәсілі" деген жолақта – сатып алу өткізу тәсілі көрсетіледі;
13) "Өлшем бірлігі" деген жолақта – "Тауардың, көрсетілетін қызметтің коды" деген жолаққа енгізілген мәнге сәйкес сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
14) "Жалпы саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің жалпы саны немесе көлемі көрсетіледі;
15) "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
16) "Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге" деген жолақта – "Жалпы саны, көлемі" деген жолақты "Бір бірлігі үшін баға, теңге" деген жолаққа көбейту арқылы есептеледі және сатып алу жоспарланатын соманы білдіреді;
17) Сатып алуды хабарлаудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарланған ай көрсетіледі;
18) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
19) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету мерзімі көрсетіледі;
20) "ӘАОС" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышы" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
21) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қазақ тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
22) "Тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – орыс тілінде тауарды жеткізу, қызметтерді көрсету орны көрсетіледі;
23) "Аванстық төлемнің мөлшері, %" деген жолақта – жоспарланған аванстық төлем мөлшері көрсетіледі;
24) "Өнім берушінің белгісі" деген жолақта – әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарында сатып алуды жүргізу белгісі көрсетіледі.
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
Нысан |
|
|
Бекітемін: |
Жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттама
_____________________________________________________________
(конкурстың атуын, білім беру ұйымының атауы бар лотты көрсету)
Тапсырыс беруші (тапсырыс беруші мен ұйымдастырушы бір тұлға ретінде әрекет етсе
көрсетілмейді) _____________________________________________
(атауын, орналасқан жерін, БСН, банктік деректемелерін көрсету)
Ұйымдастырушы _________________________________________________
(тапсырыс берушінің толық атауын, орналасқан жерін,
БСН, банктік деректемелерін, байланыс телефондарын, электрондық және почта мекенжайын көрсету)
Конкурстық комиссияның хатшысы _________________________________
(Т.А.Ә.(бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі)
(көрсетілетін қызметтер немесе тауарлар атауын көрсету).
1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушылар санаттарының тізбесін, тауарды жеткізушіні таңдау кезінде 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың тізбесін;
2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті (білім беру органы бекіткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін перспективалық мәзір қоса беріле отырып) немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;
3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;
4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7, 8-қосымшаларға сәйкес қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттарын;
6) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес Қызметтерді көрсету туралы үлгілік шартты және 10-қосымшаға сәйкес Тауарларды жеткізу туралы үлгілік шартты қамтиды.
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) банктік кепілдік.
Әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға сәйкес құжаттар топтамасын өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімде веб-порталға орналастырады.
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
нысан |
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі
_________________________________________________ бойынша конкурс
(конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)
|
Лот № |
|
|
ҚҚС есебінсіз лот бойынша жалпы сома теңгемен (соманы көрсету) |
|
|
Қызмет көрсету мерзімі |
|
|
Қызмет көрсету орны |
|
|
Барлық тәрбиеленушілер мен білім алушылар |
|
|
оның ішінде, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына (бұдан әрі – ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулысы) сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтандырумен қамтамасыз етілетін балалар саны |
|
|
басқалар (балалардың санаты мен санын көрсету) |
|
|
Күніне 1 балаға тамақтану құны (теңгемен) |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар үшін тамақтану құны |
|
|
басқа санаттар үшін тамақтану құны (санаты мен құнын көрсету) |
|
|
Мектеп жанындағы лагерь |
|
|
Мектеп жанындағы лагерьдегі балалар саны |
|
|
оның ішінде, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар саны |
|
|
басқалар (балалардың санаты мен санын көрсету) |
|
|
Күніне 1 балаға тамақтану құны (теңгемен) |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін балалар үшін тамақтану құны |
|
|
басқа санаттар үшін тамақтану құны (санаты мен құнын көрсету) |
|
Ескерту:
Күні
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
Нысан |
Сатып алынатын тауарлардың тізбесі
____________________________________________________ бойынша конкурс
(толық атауын көрсету)
|
Лот № |
Тапсырыс берушінің атауы |
Тауардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны, көлемі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Жеткізу шарты |
Тауарларды жеткізу мерзімі |
Тауарларды жеткізу орны |
Аванстық төлем мөлшері, % |
Сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша), теңге |
оның ішінде бюджет қаражаты |
|
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Ескертпе:
3-тармақ бойынша тауардың атауы:
Тауарлардың сипаттамасы техникалық тапсырмада жазылған жағдайда, бұл бағанда тауардың қысқаша атауы және әрбір позиция бойынша техникалық тапсырманың нақты бөліміне сілтеме көрсетіледі
* Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық тапсырмада көрсетіледі
Күні
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
Жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
|
Сатып алу нөмірі: |
|
|
Конкурстың атауы: |
|
|
Лот № |
|
|
Лоттың атауы |
|
|
ҚҚС есебінсіз лот бойынша жалпы сома теңгемен (соманы көрсету) |
|
|
Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет. Осы техникалық тапсырмада _______________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет сәйкес келуі тиіс сапалық және сандық сипаттамалар жазылады. |
|
|
Барлық тәрбиеленушілер мен білім алушылар |
|
|
оның ішінде, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектепте тамақтандырумен қамтамасыз етілетін балалар саны |
|
|
басқалар (балалардың санаты мен санын көрсету) |
|
|
Күніне 1 балаға тамақтану құны (теңгемен) |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектепте тамақтандырумен қамтамасыз етілетін балалар үшін тамақтану құны |
|
|
басқа санаттар үшін тамақтану құны (санаты мен құнын көрсету) |
|
|
Мектеп жанындағы лагерь |
|
|
Мектеп жанындағы лагерьдегі балалар саны |
|
|
оның ішінде, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанатын тәрбиеленушілер мен білім алушылар саны |
|
|
Оның ішінде: |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектепте тамақтандырумен қамтамасыз етілетін балалар саны |
|
|
басқалар (балалардың санаты мен санын көрсету) |
|
|
Күніне 1 балаға тамақтану құны (теңгемен) |
|
|
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектепте тамақтандырумен қамтамасыз етілетін балалар үшін тамақтану құны |
|
|
басқа санаттар үшін тамақтану құны (санаты мен құнын көрсету) |
|
_______________________________________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушыларды тамақтық заттар мен энергияға жас ерекшеліктеріне сәйкес теңгерімді тамақтандырумен қамтамасыз ету болып табылады.
Білім алушыларды тамақтандыру _____________________________ (білім алушыларды тамақтандыру ұйымдастырылатын орынды көрсету, асхана және (немесе) буфет) жүзеге асырылады.
Қызметті жеткізуші ас блогының және оның персоналының жұмысына басшылық жасайды, сондай-ақ тамақ дайындау технологиясының, азық-түлік салудың, порциялардың шығу нормаларының сақталуын, білім алушыларға азық-түлік пен тағамдардың ұсынуын және жеткізілетін өнімдердің сапасын бақылауды, оларды сақтау және өткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметті жеткізуші ас блогында, өндірістік және қойма үй-жайларында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қала мектептерінде қызметті жеткізуші Шарт заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде ас әзірлейтін асхананың ас блогында бейнебақылау жүйесін орнатады және Тапсырыс берушіге объектіде орнатылған бейнебақылау жүйесімен бөлінген бейне сигнал (бейнекамералар) көзі бар нақты уақыт режимінде тағамдарды дайындау процесінің бейне ағындарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бейнебақылау жүйесі арқылы түсірілген материалдар білім беру ұйымында келесі 10 жұмыс күні ішінде сақталады. Шарттың қолданылу мерзімі өткен соң аталған жабдық жеткізушінің меншігінде қалады.
Қызметті жеткізуші Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және салық заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес асханада төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.
Тағамдарды, буфет өнімдерін, сусындарды, шөлмектегі суды өткізу конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тамақтануды ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелген) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес тіркеу және есеп беру функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы тегін тамақпен қамтылған білім алушыларды есепке алу жүзеге асырылады.
Өнім беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес білім беру ұйымының тағамдар мен аспаздық өнімдердің (бракераж) сапасын органолептикалық бағалау журналын жүргізуі үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
Өнім беруші білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруға байланысты мәліметтерді күн сайын және Тапсырыс берушінің талабы бойынша білім беру ұйымының сайтында орналастыру үшін (тағамның суреті бар ас мәзірі, атауы, бағасы) ұсынады.
Өнім беруші тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялар (бракераждық), тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар мүшелерінің ас блогына кіруін қамтамасыз етеді.
Тағамдардың, тамақ өнімдерінің және аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.
Мектептегі тамақтанудың базалық ұйымынан _______________________ (білім беру ұйымының атауын көрсету) асханасына және (немесе) буфетіне тағамдарды жеткізу жағдайында тиісті температураның сақталуын қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) пайдаланылады.
Оқу процесі кезеңінде білім алушыларға ыстық тамақ: бірінші ауысым үшін _____, ______, ______, _______ (уақыты мен үзілісті көрсету), екінші ауысым үшін _____, ______, ______, _______ (уақыты мен үзілісті көрсету). Жазғы мектеп жанындағы лагерь қызметі кезінде_____, ______, ______, _______ (тамақтану уақыты мен атауын көрсету).
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтану кестесі білім беру ұйымының басшысы ________________________________ (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) бекіткен белгіленген тамақтану режиміне сәйкес белгіленеді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келетін буфет өнімдерін сатуға жағдай жасалады. Буфет өнімдеріне, оның ішінде шырындарды, сусындарды, бөтелкедегі суды өткізу кезінде бағаларға өзгеріс енгізу ағымдағы кезеңдегі инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін қызметтерге (1 білім алушыға арналған тағамға) және (немесе) тауарларға орташа баға шегінде жүзеге асырылады.
Дайын аспаздық өнімдер мен тамақ өнімдерін өткізу ___________ сағатта жүзеге асырылады (асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты көрсетіледі).
Өнім беруші ай сайын _________ (орта білім беру ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) мынадай мәліметтер ұсынады:
-білім алушылар үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы;
-конкурс кезінде көрсетілген ас блогы қызметкерлерінің сандық және сапалық құрамының сәйкестігі туралы.
Өнім беруші міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін Тапсырыс берушімен бекітеді.
Нақты тамақтану рационы перспективалық мәзірге сәйкес келуі тиіс.
Оқушылардың жекелеген санаттары үшін (оқушылардың санаттарын көрсету) жеңіл (диеталық) тамақтану ұйымдастырылады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзімен бірге әкелінген тамақты ішу үшін қажетті жағдайлар жасалады.
Қызметті жеткізуші дайын тағамдарды дайындау технологиясын сақтау және калориялығына сәйкес болу үшін ас блоктарында тағам дайындаудың бірыңғай картотекасының (технологиялық карталар) болуын қамтамасыз етеді.
Тағамдар картотекасын пайдалану арқылы тамақты дайындау жүзеге асырылады, онда өнімдердің таратылуы, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.
Асхананың ас блогында тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.
Ас блогында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қажетті құжаттама (тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналы, "С-витаминдеу" журналы, тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналы, ас блогы қызметкерлерін тексеру нәтижелерінің журналы, бір айдағы Тамақ өнімдері нормаларының орындалуын бақылау ведомостары, ас мәзірін, дайындалатын тағамдардың технологиялық картасын, тамақ өнімдеріне кіріс құжаттарын, келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттарды (атап көрсету: жүкқұжаттар, сәйкестік сертификаттары, сапа куәліктері, ветеринариялық-санитариялық сараптама құжаттары, ұсыныс-пікірлер кітабы) тұрақты түрде болады.
Өнім берушіде қызмет көрсету басталар алдында жұмыс істеуге рұқсаты бар ас блогының әрбір қызметкерінің медициналық кітапшалары болады.
Өнім беруші қызмет көрсетуді бастамас бұрын өндірістік бақылау жоспарын бекітеді және тапсырыс берушіге (ұйымдастырушыға) тиісті растайтын құжаттармен қоса жоспардың көшірмесін ұсынады.
Өнім беруші қолда бар технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтардың жарамдылығын және уақытында мемлекеттік тексеруді (өлшеу құралдары үшін) қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тамақ өнімдерін жеткізуді ұйымдастырады.
Білім беру ұйымында қажетті технологиялық, тоңазытқыш және санитариялық-техникалық жабдықтар мен мүкәммал болмаған жағдайда өнім беруші қызмет көрсету процесінде олардың болуын қамтамасыз етеді.
Тауарларды жеткізу. Техникалық тапсырмада жеткізілетін тауарлар сәйкес келуі тиіс сатып алынатын тауарлардың толық сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары, кепілдік мерзімі, шығу тегі жазылады.
Тауарларға арналған техникалық тапсырмада функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалардың сипаты функционалдық шектерін, техникалық сипаттамалардың параметрлерін, үздік сипаттаманы айқындау мақсаттары үшін тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс.
Сатып алынатын тамақ өнімдері Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Ескерту.
Орындаушыға әрбір сипаттамалар мен қосымша шарттар жеке жолда көрсетіледі.
Күні
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
Нысан |
Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)
Кімге ______________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен _____________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы)
|
Әлеуетті өнім берушінің заңды, пошталық мекенжайы және байланыс телефондары |
|
|
Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы |
|
|
Заңды тұлғаның бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
2._______________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен ________________________________________________
(конкурстың, лоттың (бар болса) толық атауы)
конкурсына әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ___________________________________________
(қажетін көрсету керек)
қызмет көрсетуді немесе тауарлар жеткізуді жүзеге асыруға келісім береді.
3.__________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
4.___________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеті, біліктілігі, сапалық және ______________________________ көрсетілетін қызметтердің немесе сатып алынатын тауарлардың (қажетін көрсету керек)өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілігі,сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулер туралы хабардар етілгендігін растайды.
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне жауапкершілікті қабылдайды.
(заңды тұлғаның толық атауы)
конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда, біз шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеміз.
Күні
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
Нысан |
Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлға үшін)
Кімге ________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
Кімнен _______________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Жеке тұлғаның– әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекенжайы Дара кәсіпкердің орналасқан мекенжайы |
|
|
Жеке тұлғаның – әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (ЖСН, БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы |
|
|
Жеке тұлға – әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, пошта мекенжайы мен электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда) |
|
(жеке тұлғаныңтегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі)
осы өтініммен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес ____________________ (қажеттісін көрсету керек) қызметтер көрсетуді немесе тауарлар жеткізуді жүзеге асыруға келісім білдіреді.
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен заңнамада көзделген бұзушылықтардың жоқтығын растайды.
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы өтініммен конкурстық құжаттамамен танысқанын және конкурсты ұйымдастырушыға өзінің құқығы, біліктілігі, көрсетілетін қызметтер мен сатып алынатын тауарлардың сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулер туралы хабардар етілгендігін растайды.
__________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне жауапкершілікті қабылдайды.
(әлеуетті өнім берушінің атауы) конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызын құрайтын сомада енгізуге міндеттенеді.
Күні
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |
|
|
Нысан |
Әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде толтырады)
(әлеуетті өнім берушінің атауын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету) әлеуетті өнім берушіде қажетті штат қызметкерлері бар.
Қызметкерлердің жалпы саны ____ құрайды, оның ішінде растайтын құжаттарының көшірмелері бар ____ аспазшы, ____ өндіріс меңгерушісі, ____ диетолог немесе диеталық бике _____ басқа қызметкер бар:
|
Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
ЖСБ |
Аспаз (қоғамдық тамақтандыру саласында) біліктілігі берілген білімі (орта-арнайы, техникалық және кәсіптік, жоғары білім) және мамандығы (диплом, куәлік №), разряды (сертификаттың, куәліктің №) |
Қысқа мерзімді курстар, біліктілігі (куәлік № және (немесе) сертификат №) |
Лауазымы (ҚР Еңбек кодексіне сәйкес лауазымын көрсете отырып,еңбек қатынастары туралы растайтын құжаттың күні, № (болған жағдайда) |
|
1 |
|
2 |
3 |
4 |
__________________________________________________________________
(әлеуеттi өнiм берушiнің атауын көрсету)
конкурс өткізілетін тиісті аймақта өткен 7 жылда көрсетілген қызмет көрсету нарығындағы көрсетілетін қызметтердің көлемі
|
Көрсетiлген қызметтердiң атауы |
Тапсырыс берушiлердiң атауы |
Қызметтерді көрсету орны, жылы |
Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.
Күні
Әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
|
Тауардың атауы |
Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефон нөмірлері |
Тауарды жеткізу орны және күні |
Шарттың құны, теңге (әлеуетті өнім берушінің қалауы бойынша көрсетіледі) |
|
|
|
|
|
Барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Күні
|
|
Мемлекеттік орта білім беру |