РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ҮЗДІК ПЕДАГОГ" КОНКУРСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ

Шілде айында «Үздік педагог-2023» байқауы басталды. Байқау республикамыздың үздік мұғалімдерін анықтауға бағытталған конкурс және мұғалімдердің еңбегін тануға мүмкіндік беретінімен маңызды шара. Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттық оқытушысы болып табылатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтары қатысады.
Байқау жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
I кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;
II кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей; III кезең – республикалық деңгей.
Теміртау қаласы бойынша «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының қалалық кезеңіне 11 қатысушы өтінім берген. жаңа ереже бойынша 80-нен жоғары балл алған қатысушы облыстық кезеңге жолдама алады. Теміртау қаласы бойынша облыстық кезеңге қатысу үшін қажетті балл жинаған қатысушы жоқ. Облыс бойынша өткен қатысушыларға сәттік тілейміз!

Дата публикации
09 января 2023