2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама

2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) және бөлімге қарасты білім ұйымдарымен 23 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 8 қызмет толықтай автоматтандырылған, 12 қызмет ішінара автоматтандырылған, қызметтер баламалы негізде электрондық-қағаз түрінде көрсетіледі, тек 3 қызмет – қағаз-проактивті.

2024 жылы 23410 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- электрондық түрде – 20539 немесе 87,7%, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы - 14728 қызмет, "электрондық үкімет" веб - порталы арқылы - 5676 қызмет, ХҚКО арқылы – 135 қызмет;

- қағаз нысанда 2841 немесе 12,2% мемелекеттік қызмет кқрсетілді;

Мектепке дейінгі және қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылды.

Электрондық нысанда мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін балаларды кезекке қою бойынша қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті техникалық сүйемелдеуді «Индиго 24 кз» ақпараттық жүйесі жүзеге асырады, оның көмегімен орындар қалай бөлінетіні туралы толық ақпарат алуға болады: кезекте тұрғандар тізімі, балабақшалардағы орындарды босату хаттамалары, нақты бос орындар тізімдері.

Платформа мемлекеттік деректер қорымен біріктірілген, бұл құжаттарды қолдан жасау тәуекелін, жеңілдіктерді негізсіз пайдалану мүмкіндігін барынша азайтады. Қосымшаны мобильді құрылғыларда пайдалануға болады.

Қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша "Е-daryn" платформасы келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

- үйірмелер мен секцияларға орын санымен танысу;

- онлайн жазу;

- электронды журнал, күнделік;

- қашықтықтан оқыту;

- жеке кабинеттер;

- есептер.

Орта білім беруде "E-bilimal" цифрлық қызметтер платформасында келесі мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылды:

  1. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну
  3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
  4. Балаларды негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау.
  5. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру
  6. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
  7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
  8. Оқуға рұқсат беру ұйымдарында экстернат нысанында негізгі орта және жалпы орта білім беру.

2024 жылы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтің жаңа түрі пайда болды. Бұл қызмет тек қағаз нысанда көрсетіледі.

2024 жылға 4 бақылау іс-шаралары өткізілді, барлық актілер қоса беріледі.

 

Басшы                                                        Х.Корабаева

2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
13 октября 2026