
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және
кәсіптік беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған
тұжырымдамасын (2023 жылғы 28 наурыздағы №249 ҚРК) іске асыру
жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес отбасы мен тәрбиеленушіні
психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында Шет ауданының білім бөліміне қарасты 18 мектепке дейінгі ұйымдар
жанынан ата-аналардың (заңды өкілдердің) қажеттіліктері ескеріліп,
мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған және қамтылмаған
балалардың ата - аналарына арналған консультациялық пункттер (бұдан әрі
КП) құрылды.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған,
сондай-ақ балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын отбасыларға
консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері: - ата-аналарға немесе заңды өкілдерге консультациялық қолдау көрсету
және балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың
педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру; - белгілі бір себептермен мектепке дейінгі ұйымға бара алмайтын
балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету; - мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балалардың ата-аналарына
немесе заңды өкілдеріне КП - тің қызметі аясында балаға көрсетілетін білікті
көмек түрлері туралы қажетті ақпарат беру арқылы көмек көрсету.
КП жұмысының негізгі бағыттары: -
диагностикалық көмек көрсету - баланы психологиялық
педагогикалық тұрғыдан зерттеу, бала тұлғасының жеке ерекшеліктері мен
бейімділігін, оның әлеуетті мүмкіндіктерін айқындау, сонымен қатар
дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі бұзушылықтардың себептері мен
механизмдерін анықтау, баланы одан әрі дамыту мен тәрбиелеу бойынша
ұсынымдар әзірлеу; - консультациялық көмек көрсету - психологиялық, әлеуметтік,
педагогикалық консультация беру, ата-аналарды немесе заңды өкілдерді бала
дамуының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері, тәрбиенің
негізгі бағыттарының ықпалы, күйзеліс жағдайларын еңсеру туралы хабардар
ету; - әдістемелік көмек көрсету - ата-аналарды немесе заңды өкілдерді
ағарту, отбасында туындайтын мәселелердің алдын алуға бағытталған
педагогикалық әдістер мен тәсілдер туралы ата-аналарды хабардар ету, ата
аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру, отбасында жағымды
қарым-қатынастар орнату, ата-аналарға отбасы жағдайында тәрбиелеу
процесін ұйымдастыруды үйретуге бағытталған баланың жеке даму
ерекшеліктері негізінде түзету және дамыту технологияларымен таныстыру.
КП қызметінің негізгі нысандары ата - аналардың немесе заңды
өкілдердің сұранысы бойынша онлайн және офлайн форматтарда қажетті
жеке және топтық консультациялар беру болып табылады.Балалардың ата аналарына немесе заңды өкілдеріне консультациялық
көмекті төмендегі мамандардың жүзеге асырады:
меңгеруші;
әдіскер;
тәрбиеші;
музыка жетекшісі;
дене шынықтыру нұсқаушысы;
педагог-психолог;
логопед;
медбике;
казақ тілі педагогі.