Онлайн - встреча с родительской общественностью по вопросам инклюзивного образования

Онлайн - встреча с родительской общественностью по вопросам инклюзивного образования

2022 жылдың 26 қаңтар күні «Шет ауданы білім бөлімі» ММ басшысы  Смағұл Елдос Жарылғапұлы ерекше білімді қажет ететін балалардың ата- аналарымен ZOOM  платформасында кездесу ұйымдастырды. Ата-аналар білім беру ұйымдарының басшыларына, сонымен бірге аймақтық ПМПК мамандарына сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Кездесу кезінде түрлі мәселелер көтерілді. Логопед-дефектолог мамандарының жұмысы, арнайы ұйымдарды ашу, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға массажист штатын беру және т.б мәселелер қаралып, ата-аналар тарапынан үлкен белсенділік танылып, сұрақтарына жауап алды. Алдағы уақытта да ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мәселесі басты назарда болатындығы айтылды.