
Шет ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарға сәйкес, жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында бірінші кезең-аудандық Ақберен байқауын қашықтықтан ұйымдастырды. Байқауға білім беру ұйымдарынан М.Мәметова атындағы, Абай, Нұра, Жарық, Сәкен ЖББ мектептері, Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия, Ортау, Ж,Алтыайбаев негізгі орта және С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары қатысты. Байқаудың нәтижесінде облыстық 2-кезеңге келесі оқушылар жолдама алды:Шешендік сөз-Сәкен ЖББМ 9 сынып оқушысы-Әбдірахманова Ж., Көркем сөз-Абай ЖББМ 10сынып оқушысы-Нұрлыбек Балдырған; Эссе-Ж.Ақылбаев атындағы МГ 11 сынып оқушысы Мұзафарқызы Ажар; Ақындар мұшайрасы-Сәкен ЖББМ 9 сынып оқушысы Карипова Камила; Аспапта ойнау-Ж.Ақылбаев атындағы МГ 8 сынып оқушысы Абрахманов Ернұр. Барлық облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!