ЖМБ мұғалімдерімен аудандық семинар

ЖМБ мұғалімдерімен аудандық семинар

Ауданымызда жаратылыстану-математика бағыты мұғалімдерімен “Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері” тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинар мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесі педагогтардың білім деңгейін көтеру.
Семинар барысында М.Мәметова ат.ЖББМ мұғалімдері Алмаганбетова Айгул Муратовна “Жай бөлшектерді оқу және жазу” тақырыбында, Макишева Эльмира Мусаевна “Состав и функции крови”, Дария ЖББМ математика пәні мұғалімі Батырбекова Алия Гапуровна “Математика сабағында оқушылардың білім сапасын жетілдірудің әдіс тәсілдері”, аталған мектептің физика пәні мұғалімі Амирова Данна Ермековна “Дистанционное обучение физике” Ш.Батталова ат.тірек мектебінің география пәні мұғалімі Абеужанова Алма Бахытовна “Жаңартылған білім беру аясында география сабағындағы инновациялық бағыт”, Ю.Гагарин ат.МЛ информатика пәні мұғалімі Райымбекова Динара Мейіржанқызы “HTML сайттарын әзірлеу әдістері”, Ә.Ермеков ат.ЖББМ химия пәні мұғалімі Мусаева Гулмира Калдыбековна “Химиялық формулалар. Валенттілік. Салыстырмалы молекулалық масса” тақырыптарында шеберлік сабақтар мен воркшоптар өткізді