
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математика айналамызда» тақырыбында өткізіліп жатқан математикалық сауаттылық апталығының бесінші күні, 29 қаңтарда аудан мектептерінде бастауыш сыныптардың жұмыстары бойынша «Ойшылдар және ақылдылар» тақырыбында танымдық ойыны, «Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары» тақырыбында іскерлік ойыны ұйымдастырылып өтті. Математика саласының дамуында Қазақстан ғалымдары жайлы оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Өткізілген іс-шараға оқушылар белсене қызығушылықпен қатысты.