Математикалық апталықтың 4-ші күні

Математикалық апталықтың 4-ші күні

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Математика айналамызда» тақырыбында өткізіліп жатқан математикалық сауаттылық апталығының төртінші күні, 28 қаңтарда бастауыш сыныптарда «Қызықты сандар мен фигуралар», «Сандар кіммен дос», «Мамандықтағы математика» тақырыптары бойынша әңгіме-сұхбат, талқылау, фильмдер көру жұмыстары ұйымдастырылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде оқушылар математиканың шығу тарихымен, сандар тарихымен, жалпы математика саласымен танысты. Өткізілген іс-шараға оқушылар белсене қызығушылықпен қатысты.