Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

20 қаңтар күні ауданда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеу 2021 жылғы 20-22 қаңтар аралығында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, Ж.Ақылбаев атындағы ЭМГ базасында өтеді.
         Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін аудан мектептері түлектерінен 331 өтініш түсті.


         Қаңтар айындағы ҰБТ карантинге байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімімен 3 лек бойынша өтеді.