
20 қаңтар «XXI ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбындағы оқу сауаттылық апталығының үшінші күні басталды. Бүгінгі күн тақырыбы: «Оқу сауаттылығы және заманауи қоғам». Бастауыш сыныртарда «Жас жұлдыз» танымдық ток-шоуы 1 сыныптардың қатысуымен өлең жолдарын жатқа айту, буыннан сөздер құрастыру, дыбыстық талдау жасау, суреттерді аяқтау, викторина түрлерінде өтті. Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, сөз байлығын, белсенділіктерін арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу.
2-4 сыныптардың қатысуымен «Жаңылтпаштан жаңылма!» танымдық сайысы өтті. Бұл сайыста жаңылтпашты оқыта отырып, оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.