
Бүгін 19 қаңтар – оқу сауаттылығы апталығының екінші күні. Тақырыбы: «Функционалды сауаттылық – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы». Бастауыш сыныптардың екінші күнінің жұмысы бойынша «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» оқу саттылығы бойынша тест жұмыстары алынды. Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі бойынша бестік диктант алынды. Бұл жерде оқушылардың еске сақтау қабілеттерін дамытып, өз ойын жеткізе білуге өте тиімді жұмыс жүргізілді.
«Бестік» диктанттың өзіндік ерекшелігі, диктанттың мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады. Дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады, оқушылардың еске сақтау қабілеттері жетіледі. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, жақсы кері байланыс болды.