
Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «XXI ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбында 2021 жылғы 18-23 қаңтар аралығында өтетін оқу сауаттылығы апталығы басталды. Шет ауданы барлық білім беру ұйымдарында 18 қаңтар күні апталықтың ашылуы өтіп, апталықта өткізілетін іс-шараларымен таныстырылды. Бастауыш сыныптарда апталықтың бірінші күнінің жұмысы жоспарға сәйкес «Біз – бақытты ұрпақпыз» атты сынып сағаттары, челлендж өткізумен басталды. Бастауыш 1-4 сыныптардан 3000-нан артық білім алушы қатысты. Сынып сағаттары аясында ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны, жас ұрпақтың бойына өз Отанын қорғауға, сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында барлық іс-шара қазақ тілінде жүргізілді.