
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" тақырыбында 2021 жылдың 18-23 қаңтар аралығында оқу сауаттылық апталығы басталуда. Шет ауданы білім бөліміне қарасты барлық бөбекжайларда 18 қаңтар күні апталықтың ашылуы өтілді. Апталықта өткізілетін іс- шараларға шолу жасалынып, таныстыру жұмыстары фестиваль түрінде жүргізілді. Әр бөбекжайларда "Әжемнің әңгімесі", "Жас оқырман " жобалары аясында "Кітаппен дос болайық" атты тақырып барысында апталық басталды.
Мақсаты: "Әжемнің әңгімесі ", " Жас оқырман" жобаларын іске асыру арқылы оқырман сауаттылығын дамыту, тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу бойынша топтардағы жұмысты іске асыру.