Аудандық "Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына" орай ақын қара сөздерін оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық онлайн буктрейлер байқауы өтті. Байқауға жалпы 18 мұғалім сұраныс беріп, ережеге сай қазақ тілі мен әдебиеті пәні, тарих және кітапханашылар қатыстырылды.
18 қатысушының ішінен арнайы берілген бағалау критерийге сай жүлдегерлер анықталды:
I орын - Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы базасындағы тірек мектебі (РО) - Сагындыкова Гүлмира Аманқұлқызы;
ІІ орын - Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебінен Тілеуқабылов Қайыржан Сағдатұлы;
ІІІ орын- Ш.Батталова атындағы ЖОББМ базасындағы ТМ (РО) - Карбозова Лязат Сагындыковна.
Осы жүлделі орындарды барлық комиссия мүшелері бір ауыздан қолдады. Қалған қатысушыларға қатысқандары үшін сертификат берілді.