
Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» ММ 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мектепке дейінгі балалар ұйымдарына балаларға (6 жасқа дейін) жолдама беру үшін Indigo жүйесі жұмыс істей бастағанын хабарлаймыз.
Indigo бағдарламасына Шет ауданы бойынша Мемлекеттік дотациясы бар барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдары енгізілген.
Ата-аналар кезекке қоюға өтініш бере алады және бағдарламада өз бетінше жеке кабинет арқылы балабақшаға жолдама ала алады https://indigo-shetsk.e-orda.kz/ru
Facebook Instagram (bilim_webline) және Facebook (Bilim) әлеуметтік желілерінде ата-аналарға кеңес беру үшін техникалық қолдау бар, онымен онлайн байланысуға болады, сондай-ақ портал туралы ақпаратпен таныса аласыз.webline).