«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

 

 

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Құрметті ата-аналар, ауыл тұрғындары және жанашыр азаматтар!

2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміз бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қолдау көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алу.

Акция аясында төмендегі заттар түрінде қайырымдылық көмек қабылданады:

  • мектеп формасы;
  • аяқ киім;
  • мектеп сөмкесі;
  • оқу құралдары мен кеңсе тауарлары.

Әрбір жанашыр азаматтың қолдауы – балалардың сапалы білім алуына қосылған маңызды үлес. Сіздердің көмектеріңіз көптеген оқушының жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына мүмкіндік береді.

Қайырымдылық жасауға ниет білдірген баршаңызды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

«Балаға мейірім сыйла!», «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: Балаларды мектепке дайындаймыз!»

Бір баланың қуанышы – баршамыздың ортақ қуанышымыз!

Егер сіз оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуына қолдау білдіргіңіз келсе Шет ауданының білім бөліміне  немесе тікелей аудан мектептеріне хабарласа аласыз.

Анықтама телефоны:

8(71031)21441