
Ағым жылының 21 қаңтарда аудандық кітапханада қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Жыр – жүрек кілті» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Мақсаты: қазақ мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлең шығарудағы шеберліктерін дамытып, дарындылықтарын шыңдау, ұлттық рух пен эстетикалық талғамды дамыту, болашақ шығармашыл мұғалімдерді анықтау. Байқау мәнерлеп өлең оқу форматында өткізілді. Нәтижесінде мұғалімдер I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.