GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 октября 2026
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
  1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

  1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

  1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

 

Инклюзивті білім беру
28 сентября 2026
2026 жылдың 8 қыркүйегінде мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Басшылыққа арналған бақылау парағы: Жаңа оқу жылында инклюзивті процесті ұйымдастыру және оған бақылау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді


      2026 жылғы 8 қыркүйегінде мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Басшылыққа арналған бақылау парағы: Жаңа оқу жылында инклюзивті процесті ұйымдастыру және оған бақылау жүргізу» тақырыбында семинар өткізіліп, инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері, білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қағидалары, инклюзивті білім беру, үйде оқытуды ұйымдастыру, Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жеке даму бағдарламасын жүргізу қаралды.

Инклюзивті білім беру
28 сентября 2026
«Көру. Үйрену. Түсіну. Қолдау» ата-аналарға арналған экскурсия.

    2026 жылғы 25 қазанда Шахтинск қаласында ата-аналарға арналған мектептердегі ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған қолдау көрсету кабинеттеріне экскурсия өткізілді.
     Іс-шараның мақсаты–ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау мүмкіндіктерімен, сондай-ақ инклюзивті білім беру жағдайында оқуты, дамуты және әлеуметтік бейімдеу үшін жасалған жағдайлармен таныстыру. Экскурсияның басты назары-отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл және білім беру ұйымдары арасындағы сабақтастыққа бағытталып, іс-шараға ерекше білімді қажет ететін балардың ата-аналары мен балабақша, қосымша білім беру педагогтері қатысты.
     Экскурсия ата-аналарға ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету жағдайларымен танысуға, сұрақтарына жауап алуға және қолданылатын тәжірибелік әдістерді көруге мүмкіндік берді.
     Шара барысында қатысушылар заманауи түзету және дамыту жабдықтарымен, оқу материалдарымен, сондай-ақ балалардың білім алуына, дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне арналған жағдайлармен таныстырылды.
     Мамандар психологиялық және педагогикалық қолдау бағыттарын айқындап, жабдықтарды іс жүзінде қолдану жолдарын көрсетті және ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
     Бұл шара әрбір бала үшін қолжетімді, жайлы әрі қолдауға негізделген білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам болды.
     Бірлесе отырып, әрбір бала білім алып, дамып, өз әлеуетін толық аша алатын орта қалыптастырамыз. Мұндай бастамалар мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ата-аналардың хабардарлығын арттырады және оқу процесінің әр кезеңінде баланы қолдаудың бірыңғай тәсілін қалыптастырады. Әрбір қолдау көрсету кабинеті бала үшін мүмкіндіктер, даму және сенімділік кеңістігіне айналады.
     Экскурсияның қорытындысы ретінде ата-аналарға «Әрбір бала құқылы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

24 сентября 2026
2026 жылғы 23 қыркүйекте қалалық пікірсайыс турнирі өтті

2026 жылғы 23 қыркүйекте қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Оны сапалы өткізу үшін Қарағанды облысы бойынша пікірсайыс қозғалысының жетекшісі Бердалы Құнанбай Болатұлы шақырылды.
Ұйымдастырушылар: Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі, Шахтинск қаласының білім бөлімі, Шахтинск қаласының жастар ресурстық орталығы.
Турнир қорытындысы бойынша келесі орындар белгіленді:

Қазақ лигасында:
1 орын: «Заңғар» командасы, С.Асфендияров атындағы ЖББМ
1 орын: «Шапағат» командасы, Ә.Бөкейханов атындағы МЛ
3 орын: «Бастау» командасы, С.Сейфуллин атындағы МГ

Орыс лигасында:
1 орын: «Ника» командасы, Ш.Уәлиханов атындағы МГ
2 орын: «W» (дабл ю) командасы, №7 ЖББМ
3 орын: «Бастау» командасы, С.Сейфуллин атындағы МГ

Турнир жеңімпаздарына Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімінің жүлделері табысталды.

24 сентября 2026
11 қыркүйекте Шахтинск қаласының барлық мектептерінде дәстүрлі Денсаулық күні кең көлемде өтті

11 қыркүйекте Шахтинск қаласының барлық мектептерінде дәстүрлі Денсаулық күні кең көлемде өтті. Іс-шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақты спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және оқушылардың денсаулығын нығайту.
Мерекелік бағдарлама салтанатты жалпымектептік сапқа тұрудан басталып, онда педагогтар күн тәртібін хабарлады, ал қатысушылар бағыт парақтарын алды. Спорттық шараларға жас ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленген бағдарлама бойынша 1-ден 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушылар белсене қатысты.
Денсаулық күні барлық қатысушыларға сергектік, көтеріңкі көңіл-күй және мол әсер сыйлады!

24 сентября 2026
Педагог-кәсіби бағдарлаушылар үшін «Кәсіби бағдар беру жұмысы: дәстүрлер мен инновациялар» атты бағдарламалық семинар өтті

4 қыркүйекте Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жүйесін дамытуға арналған педагог-кәсіби бағдарлаушылар үшін «Кәсіби бағдар беру жұмысы: дәстүрлер мен инновациялар» атты бағдарламалық семинар өтті.
Ұйымдастырушылар: Шахтинск қаласының білім бөлімі және Кәсіби құзыреттілік мен мансаптық өсу орталығы.
Семинар қатысушылары алдында Шахтинск технологиялық колледжі басшылығының өкілдері сөз сөйлеп, мектеп пен орта кәсіптік білім беру арасындағы сабақтастықтың маңыздылығын және ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) ұйымдарына қабылдау ережелерін, соның ішінде негізгі талаптар мен түсу шарттарын баяндады.
Практикалық бөлім аясында мына мәселелер талқыланды:
Серіктестікті кеңейту: жалпы білім беретін мектептердің Шахтинск технологиялық колледжімен бірлескен жұмысының жаңа форматын әзірлеу (шаралар, шеберлік сыныптары, кәсіби сынамалар).
Мақсатты бағдарламаларды іске асыру: оқушылардың тиімді өзін-өзі анықтауына және өңірлік еңбек нарығының білікті кадрларға деген қажеттіліктерін өтеуге бағытталған облыстық және қалалық кәсіби бағдар беру жобаларын енгізу мен үйлестіру. ⬇️

 
02 сентября 2026
2026 жылғы 1 қыркүйегі Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры болып Гульнас Урмашевна Какенбаева тағайындалды.

2026 жылғы 1 қыркүйегі Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры болып Гульнас Урмашевна Какенбаева тағайындалды.

Гульнас Урмашевнаның 25 жылдан астам жалпы педагогикалық өтілі бар.
2001 жылдан бастап педагогикалық қызметін № 11 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастады.
2011 жылдан бастап 2019 жылға дейін № 11 ЖББМ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап 2026 жылға дейін Новодолинский кентінің № 11 жалпы білім беретін мектебінің директоры қызметін атқарды.

Пән мұғалімі ретінде «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты және «екінші санаттағы басшы» біліктілік санаты бар.

Білім саласындағы жоғары жетістіктері үшін, өскелең ұрпақтың өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін Гульнас Урмашевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды (2023-2024 жылдар).

Шахтинск қаласының білім бөлімі басшылық лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды. Білім беру мекемесін басқару – бұл даналықты, төзімділікті және стратегиялық көзқарасты талап ететін күрделі және жауапты еңбек. Сіздің кәсіби қасиеттеріңіз, мол педагогикалық тәжірибеңіз және ұйымдастырушылық талантыңыз сізге барлық міндеттерді табысты орындауға мүмкіндік береді.
Сізге мықты денсаулық, сарқылмас қуат, дана әрі салмақты шешімдер, сондай-ақ пікірлестеріңіз бен мен сенімді командаңыздың қолдауын тілейміз.
Сіздің басшылығыңызбен мектеп өркендеп, ұжым мен оқушылар өз жетістіктерімен қуанта берсін!

02 сентября 2026
2026-2027 оқу жылының алғашқы қоңырауы: Шахтинск қаласында салтанатты жиындар мен бірыңғай сынып сағаты өтті.

1 қыркүйекте барлық мектептерде білім күніне және жаңа 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындар өтті.
Биыл 7 684 оқушыға 12 мектептің есігі ашылды, оның 702 бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басты.
Салтанатты жиындардан кейін барлық 1-11 сыныптар үшін келесі тақырыпта бірыңғай сынып сағаты өтті:
«Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
Біріңғай сынып сағатының негізгі бағыттары:
• Азаматтық жауапкершілік және құқықтық сана: оқушылардың бойында мемлекеттің дамуындағы Конституцияның, адал еңбектің және заңдарды қатаң сақтаудың рөлі туралы түсінікті қалыптастыру;
• Экологиялық мәдениет: қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
• «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтары: белсенді өмірлік ұстанымды, патриотизмді және қоғамның игілігі үшін жауапкершілікті дәріптеу.
Оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Бұл кезең жоғары жетістіктерге, қызықты ізденістерге, шығармашылық жеңістерге және алға қарам сенімді қадам басу уақытына айналсын!

02 сентября 2026
Жаңа 2026-2027 оқу жылына – жаңа оқулықтар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 «Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 14 шілденің № 193 НҚ бұйрықпен енгізілген өзгерістермен, 2026-2027 оқу жылына мектеп оқушыларына арналған жаңа оқулықтар кейбір сыныптарда ауыстыру қажеттілігі бойынша ішінара сатып алынды, атап айтқанда 3, 7 сыныптарда ауыстыру толығымен жүргізілді.

2026 жылғы 25 тамызда Шахтинск қаласының барлық 12 мектебіне оқулықтар жеткізу аяқталды.

Барлық оқушылар Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілген.

02 сентября 2026
Балақайлар мектебі

Балаларды бастауыш мектепте оқуға дайындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында маусым-тамыз аралығында Балақайлар мектебі жұмыс жасады. Балақайлар мектебінің міндеттері: физикалық қасиеттерді, коммуникативтік дағдыларды, танымдық және зияткерлік, шығармашылық дағдыларды, балалардың зерттеушілік іс-әрекетін, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды, мектепте оқуға тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық дайындықты қалыптастырып, дамыту болып табылады. Балақайлар мектебінде 32 сынып, 38 педагог жұмыс атқарып, 679 болашақ бірінші сынып оқушылары қамтылды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы