Меню

Страницы

Статья

1 тамыздан "Мектепке жол" акциясы басталады

     

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы 2022 жылдың 1 тамызынан басталады. Қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Жылдағы дәстүрге сай Шахтинск қаласында жыл сайын қайырымдылық іс-шараларын өткізу, бюджеттен тыс қаражат есебінен, демеушілер есебінен балаларға материалдық көмек көрсету, қала мектептерін аралау жоспарланған.

Жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының балаларын мектепке жинау бойынша қайырымдылық көмек көрсетуге, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтауға бағытталған. Материалдық және қаржылық көмек балаларға бюджеттен тыс қаражат есебінен, бизнесмендер (демеушілер, меценаттар) және жай қамқор адамдар есебінен көрсетіледі.

Сондай -ақ, акция барысында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін адамдар көп жиналатын жерлерде аулаларды аралау және рейдтік іс-шаралар өткізілетін болады. Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында әлеуметтік қолдауға мұқтаж балаларға көмек көрсету бойынша мектеп іс-шаралары, атап айтқанда жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларына сыйлықтар тапсыру бойынша қайырымдылық акциялары өткізілетін болады.

Әрбір білім беру ұйымында сенім телефоны, «жедел желі», азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін қоғамдық қабылдау бөлмесі, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек жинау орындары жұмыс істейді.

Жылдағыдай өңірдің мемлекеттік органдары, ұйымдары мен бизнес-құрылымдары өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдады, олардың тұрмыс деңгейіне бей-жай қарамайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында қаламыздың әрбір тұрғыны әлеуметтік осал отбасылардың балаларына қолдау көрсетілсе, еліміздің ертеңі болған жас ұрпақтың білімге құштарлығы артады, демек, жалпы білім деңгейі нығаяды, сондықтан мұндай акциялар бір реттік сипатта емес, үнемі жалғасуы тиіс.

Акцияны өткізу немесе балаларға көмек көрсетуде қажетті туындайтын барлық сұрақтар бойынша сіз Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ - нің 64891 телефоны арқылы, сондай-ақ Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарына хабарласа аласыз.

 

 

Дата публикации
22 июля 2022
Дата обновления
22 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы