Меню

Страницы

Статья

Оқу жылын аяқтаймыз ...

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 25 мамыры 2021-2022 оқу жылы аяқталады. Дәстүрлі түрде 9 сынып оқушыларын қорытынды бітіру емтихандары, 11 сынып оқушыларын мемлекеттік бітіру емтихандары күтеді.
9 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау келесі нысанда жүргізіледі:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
1-8, 10 сынып оқушылары үшін 26 мамырдан 17 маусым аралығында «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады. «Жазғы мектеп» оқығанда оқушылар бағаланбайды және үй тапсырмасы берілмейді. «Жазғы мектепке» бару немесе бармау бойынша түпкілікті шешім ата-ананың және оқушының өзі қабылдайды. Әр мектепте 10 мамырға дейін «Жазғы мектеп» баруға тілек білдірген оқушылардың тізімі қалыптастырылады және жаз мезгіліндегі уақытқа оқушылардың сабақ кестесі дайындалады. «Жазғы мектеп» бару тек ұсыныс түрінде берілгенмен, Шахтинск қаласының білім бөлімі оқушылар мен олардың ата-аналарына осы мүмкіндікті пайдаланып, мектеп бағдарламасындағы өз білімдерін және олқылықтардың орнын жою бойынша ұсыныс береді.
ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ

Дата публикации
26 апреля 2022
Дата обновления
26 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
29 апреля 2026
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс
Мақалалар
25 февраля 2026
Кадрлық аштық па, әлде мүмкіндіктер уақыты ма?
Талдамалық мақала
31 декабря 2024
Жыл қорытындысы!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы