Шынында да, қазіргі уақытта жеке тұлғалар мен ұйымдар мұғалімдер үшін көптеген конкурстар өткізеді, олардың жеңімпаздары қатысу үшін төлегендердің бәрі болады. Мұндай конкурстардың мақсаты – ақша жинау. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған марапаттар мен дипломдар педагогтарды аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді. Бұл туралы педагогтарға ҚР білім және ғылым министрлігі бірнеше рет ескерткен болатын.
Ресми марапаттар «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек арадагері» грамоталары, ҚР БҒМ ведомстволық марапаттардың қатарына кіретін «Құрмет мадақтамасы» және «Алғыс» мадақтамалары. Ресми төсбелгілер мен грамоталар ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның шешімі бойынша ғана беріледі.
«Жалған ақылы марапаттардың дизайны ресми ведомстволық наградалармен жасалды. Кейбір мұғалімдер білместен, ал кейбір мұғалімдер ақылы жарыстардың күмәнін біле отырып, оларға қатысады. Сатып алынған марапат сыйлық емес. Егер бұл қоғамдық марапат болса, онда ол ақылы болмауы тиіс» - Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов 2020 жылғы желтоқсандағы сөйлеген сөзінен.
«Үшінші тұлғалар ұйымдастыратын оқушылар мен педагогтер арасындағы ақылы олимпиадалар мен конкурстар ресми түрде танылмайды және педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілмейді. Күмәнді ақылы конкурстардың марапаттары мен мадақтамалары педагог пен білім беру ұйымының беделіне нұқсан келтіреді», – білім және ғылым вице-министрі Ш.Т.Каринова.
Басты педагогикалық байқау «Үздік педагог» республикалық конкурсы болып табылады. «Үздік педагог» атағын беру Қағидалары Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген, олармен Сіз adilet.zan.kz. Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады (қалалық, облыстық, республикалық). «Үздік педагог» атағын иеленушіге республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде сыйақы төленеді.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар педагогтер үшін қосымша көтермелеу шараларын белгілеуге құқылы. Облыстық әкімдіктер жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды, оның ішінде мереке күндеріне тағайындай алады. Олардың барлығы тегін.
Сондықтан, байқауға қатыспас бұрын, байқау туралы ережені мұқият оқып шығыңыз және ұйымдастырушы кім екенін біліп алыңыз.
Ресми конкурстардың ережелері мен нәтижелері ҚР БҒМ, Білім басқармаларының, білім бөлімдерінің сайттарында орналастырылады.