Мектепалды дайындық: сәбилер - балабақшасы немесе мектеп?
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 30 бабы 2 тармағына сәйкес мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады. Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады. Осылайша, Шахтинск қаласының білім бөлімі қазіргі уақытта барлық мектепке дейінгі ұйымдарда бес жастан бастап балаларды дайындайтын мектепалды даярлық топтары ашылатыны анықталғанын хабарлайды. № 5 мектеп – гимназиясында, Ә.Бөкейханов атындағы мектеп – лицейінде, № 9, 12 жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық сыныптар, № 1 мектеп - гимназиясында, № 2, 3 жалпы білім беретін мектептерде орыс тілінде оқытатын мектепалды даярлық сыныптар ашылып, жұмыс істейтінін қосымша хабарлайды.
Мектептегі сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
Шахтинск қаласының білім бөлімі